Андрей Шевченко Алматыға келді

Андрей Шевченко Алматыға келді

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР, БҰЛ ЖАЗБА 1 СӘУІР КҮЛКІ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЗЫЛҒАН ӘЗІЛ МАТЕРИАЛ БОЛАТЫН. СОЛ СЕБЕПТІ ЖАЗБАДАҒЫ АҚПАРАТТАРДЫҢ ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙТЫНЫН ЕСКЕРТЕМІЗ.

 

Футболдан Украина ұлттық құрамасы мен Еуропаның «Милан» және «Челси» сынды топ клубтарында өнер көрсеткен Андрей Шевченко Алматы қаласына ат басын бұрды. Футболшы «Nurtau» спорт кешеніндегі гольф турниріне қатысады.

Ел Президенті Кубогына арналған турнирде 78 гольфшы бақ сынайды деп күтілуде. Оған Ресейден, Украинадан, Польшадан және АҚШ-тан келген спортшылар қатысады. Ал жарыстың бас демеушісі – «GSM Kazakhstan Kcell» компаниясы. Он алтыншы рет ұйымдастырылғалы отырған турнирге украиналық әйгілі футболшы Андрей Шевченко да қатысады. Ал жарыс 3 сәуір мен 10 сәуір аралығында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, Андрей Шевченко гольфтан 2011 жылы Украина чемпионатының күміс жүлдегері болса, 2013 жылы Англияда өткен «Queenwood Golf Club» турнирінде жеңімпаз да болып танылған.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: golfkz.kz

Ө. Сансызбай