"Astana Arlans" пен "German Eagles" құрамдары белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
"Astana Arlans" пен "German Eagles"  құрамдары белгілі болды

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) төртінші маусымы аясындағы ширек финалда "Astana Arlans" командасы мен "German Eagles" клубы жекпе-жектеріне қатысатын боксшылардың есімдері белгілі болды. Алғашқы кездесу 29 наурыз күні өтеді.

БӨЛІСУ

Германияда өтетін алғашқы кездесуде бірінші 49 келідегі былғары қолғап шеберлері бақ сынайды. Еліміздің намысын Мардан Берікбаев қорғайды. Ал оның қарсыласы – клубтың румындық легионері Овидиу Берцяну. 56 келі салмақ дәрежесінде Мейірболат Тойытов пен клубтың ирландиялық боксшысы Майкл Конланмен жұдырықтасады. 64 келіде Асхат Уәлиханов пен Артем Харутюнянның жекпе-жегін тамашаласақ, 75 келі салмақ дәрежесінде Роберт Радован Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізетін болады. Жартылай ауыр салмақта Василий Левит пен Артур Манн жұбының айқасын тамашалайтын боламыз.

Естеріңізге сала кетсек, "Astana Arlans" топтық кезеңде өз тобынан екінші орын алып, ширек финалға өткен болатын. Ал біздің топта бірінші орын алған "Cuba Domadores" командасы ширек финалда америкалық "USA Knockouts" клубымен кездеседі. Сонымен қатар, ресейлік "Russian Boxing Team" командасы украиналық "Ukraine Otamans" ұжымымен, әзірбайжандық "Baku Fires" италиялық "Italia Thunder" боксшыларымен жұдырық түйістіреді. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com