Шүменов vs Хопкинс. Кездесу уақыты анықталды

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Шүменов vs Хопкинс. Кездесу уақыты анықталды

Жартылай орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлемнің суперчемпионы деген атағы бар 30 жасар Бейбіт Шүменов осы салмақтағы IBF тұжырымының чемпиондық белбеуінің иесі, 49 жасар америкалық Бернард Хопкинспен 19 сәуір күні АҚШ жерінде кездесетін болды, деп хабарлайды Аllboxing.ru порталы.

БӨЛІСУ

Осыған дейін кейбір БАҚ аталған кездесуді Нью-Йорктің Бруклин ауданында орналасқан 19 мыңдық орны бар Barclays Center аренада өтеді деп жазған еді. Алайда ендігі жерде кездесу орны Вашингтон болады деп айтылуда.

1

Бернард Хопкинс

Естеріңізге салар болсақ, соңғы кездесуінде қазақстандық боксшы словак Тамаш Ковачты нокаутпен ұтып, өзінің WBA чемпиондық атағын сәтті қорғап шыққан болатын. Ал Хопкинс болса соңғы рет 26 қазанда неміс Каро Муратпен жұдырықтасып, ұпай саны бойынша басым түсті. Айта кету керек, Бернард Хопкинс бокс тарихындағы әлем чемпиондары арасында жасы ең үлкені саналады.    

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: isport.ua