Қазақстан ФИФА рейтингінде 4 саты көтерілді

Қазақстан ФИФА рейтингінде 4 саты көтерілді

Футболдан ФИФА ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Жылдың соңғы тізімінде Қазақстан ұлттық құрамасы 4 саты жоғарылап, 128-ші орынға жайғасты.

Көш басында келе жатқан алғашқы ондықтағы ұлттық құрамалардың нәтижелерінде ешқандай өзгерістер орын алған жоқ. Испания ұлттық құрамасы тізгінді өз қолында ұстаса, Германия мен Аргентина алғашқы үштікті қорытындылап тұр. Жалпы алғашқы отыздықтың өзінде өзгеріс орын алмаған. Тек Франция (20) мен Мексика (21) бір саты төмен сырғыса, Босния және Герцеговина (19) 2 саты жоғарылаған.

Ең төменгі нәтижені Куба құрамасы көрсетіп отыр. Олар 53 саты төмендеп, 100-ші орынға бір-ақ тұрақтаған. Өткен айдағы рейтингтің үздік көрсеткішін көрсетішін иеленген «Бостандық аралының» (Куба) құрамасы бұл жолы ең төменгі нәтижені еншіледі. Ал бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Сейшель аралдары құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 24 саты жоғарылап, 176-шы орынға табан тіреген. Сонымен қатар Иран және Сауд Арабиясы  ұлттық құрамаларының жағдайы да жоғары көрсеткішке көтеріліп отыр.

Алғашқы ондыққа енген ұлттық құрамалар тізімі:

1 1). Испания - 1507 ұпай,
2 (2). Германия – 1318 ұпай,
3 (3). Аргентина – 1251 ұпай,
4 (4). Колумбия – 1200 ұпай,
5 (5). Португалия – 1172 ұпай,
6 (6). Уругвай – 1132 ұпай,
7(7). Италия – 1120 ұпай,
8 (8). Швейцария – 1113ұпай,
9 (9). Нидерланды – 1106 ұпай,
10 (10). Бразилия – 1102 ұпай.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:kff.kz

Ө. Сансызбай