Касильяс "Арсеналға" ауысуы мүмкін

Касильяс "Арсеналға" ауысуы мүмкін

Мадридтік "Реалдың" қақпашысы Икер Касильяс Англияға қоныс тебуі мүмкін...

Отыз екі жастағы бағана күзетшісі "корольдік клуб" сапында аз ойын өткізіп жүргеніне байланысты, қысқы трансферде лондондық "Арсенал" сапына ауыспақ, деп жазады Talk Sport басылымы.

Дәл қазіргі таңда лондондық клубтың басшылығы Касильясты сатып алу жөнінде арада келіссөз жүргізбек. «Арсеналдағы» бұрынғы әріптесі Месут Озил мен жерлестері Санти Касорла, Микел Артета және Начо Монреалдар асыға күтетіндерін жеткізген.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: footballisimo.ru

Л. Лига