Денис Тен Универсиадаға қатыспайтын болды

Денис Тен Универсиадаға қатыспайтын болды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен бүгін Италияда байрағын желбірететін бүкіләлемдік Қысқы Универсиадаға қатыспайтын болды.

20 жастағы жерлесіміз Трентино қаласында өтетін Универсиаданың алтынынан басты үміткерлердің бірі саналған еді. Енді ел намысын мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жалғыз Абзал Рақымғалиев қана қорғайтын болады.

Естеріңізге сала кетсек, Денисті соңғы уақытта арқасынан алған жарақаты мазалап жүрген болатын. Дегенмен Италиядағы 11-21 желтоқсан аралығында өтетін Қысқы Универсиадаға қатыса алмауының себебі белгісіз болып отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай