Сидельников жылдың үздік қақпашысы атанды

Сидельников жылдың үздік қақпашысы атанды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі қақпашысы – Андрей Сидельников жылдың үздік қақпашысы атанды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

33 жастағы «Ақтөбе» командасының қақпашысы клубта 2010 жылдан бері тер төгіп келеді. Осыған дейін ел премьер-лигасында 120-ға жуық кездесу өткізген. Осы маусымда командасымен ел чемпионы атағына қол жеткізді. Еуропа Лигасында да сәтті өнер көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Андрей Сидельниковты vesti.kz пен alaman.kz сайттарының оқырмандары да үздік деп таныған еді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай