Төртінші маусымға жаңа ережелер енгізілді

Қарлыға Бүйенбай Корреспондент
Төртінші маусымға жаңа ережелер енгізілді

Бокстан 15 қараша күні «Астана Арландары» биылғы маусымдағы алғашқы кездесуін өткізеді. Алматыға Әзірбайжанның «Баку оттары» құрамасы келеді.

БӨЛІСУ

«В» тобында өнер көрсететін жерлестеріміздің қарсыластары оңай шағылар жаңғақ емес. «Mexico Guereros» (Мексика), «Cuba Domadores» (Куба), «Baku Fires» (Әзірбайжан), «Russian Boxing Team» (Ресей), «Hussars Poland» (Польша) сынды клубтармен бақ сынасатын боламыз. Ал «А» тобында »:«Italia Thunder» (Италия), «USA Knockouts» (АҚШ), «Argentina Condors» (Аргентина), «Algeria Desert» (Алжир), «German Eagles» (Германия) және украиналық «Атамандар» бар. «Астана Арландары» мен дәл осы украиналық клуб өз топтарының фавориттері саналуда.

Бұл маусымдағы жерлестеріміздің қарсыластары осал емес. Кубалық команда («Cuba Domadores») алғаш рет қатысқалы отырса,  поляктар үкілеп қосқан клубпен («Hussars Poland») әлі кездеспедік. Өткен маусымның жартылай финалында «Астана Арландары» тобымыздағы мексикалық «Mexico Guereros» клубын шаршы алаңда шаршамай жеңген болатын. Ал бұл маусымда мексикалықтарды да оңай қарсылас санауға болмайды. Ал ресейлік клуб «Динамо» болып тұрған кезде, «Астана Арландары» өз шаршы алаңында 3:2 есебімен жеңгенімен, қонақта ірі есеппен (5:0) жеңілген еді. Ресейлік клубтың аты өзгергенмен, қабілеттері өзгерген жоқ. Олардың өз алаңдарында сәтті өнер көрсететінін ескеретін болсақ, сырт алаңда боксшыларымызға аса сақ болу қажет.

Төртінші маусымдағы ережелерде де өзгерістер бар. Алдыңғы маусымда 5 салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жектер өтетін болса, жаңа ережеге сәйкес 10 салмақ дәрежесі бойынша клубтар шаршы алаңда бақ сынасады. Осыған орай әр клубта 35 былғары қолғап шебері өнер көрсететін болды.

Төртінші маусымдағы «Астана Арландарының» намысын қорғайтын 35 боксшының тізімі:

49 келі салмақта: Анвар Мұзапаров, Мардан Берікбаев, Азат Қамзин
52 келі салмақта: Мирас Жақыпов, Олжас Сәттібаев, Айдын Елжанов, Азат Махметов
56 келі салмақта: Бағдат Әлімбеков, Мейірболат Тоитов, Мади Шолақов, Дидар Үтелбаев, Нұрбол Қапжанов
60 келі салмақта: Самат Башенов, Роман Щегринов, Жандос Момынов, Николай Шваб
64 келі салмақта: Асхат Уалиханов, Жәнібек Әжібай, Руслан Мәдиев
69 келі салмақта: Бақытжан Қожабеков, Мейірім Нұрсұлтанов, Мадияр Әшкеев, Сүлейман Бердукаев
75 келі салмақта: Сергей Деревянченко (Украина), Ерік Алжанов
81 келі салмақта: Хрвое Сеп (Хорватия), Эхсан Рузбахани (Иран), Данабек Сужанов, Арман Рысбек
91 келі салмақта: Василий Левит, Арбек Абдуғаниев, Хамзат Гелисханов
+91 кг салмақта: Руслан Мырсатаев, Филипп Хргович (Хорватия), Армен Симонян (Армения)

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: altaynews.kz