Қазақстандық 9 зілтемірші допинг қабылдаған

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық 9 зілтемірші допинг қабылдаған

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы сайтында осы жылғы жарыстарда допинг қолданған спортшылардың тізімін жариялады. Олардың қатарына тоғыз қазақстандық зілтеміршіміз еніп отыр.

БӨЛІСУ

Допинг дауына іліккендердің қатарында Астанада өткен Азия чемпионатында алтын алған Александра Аборнева мен Александр Зайчиков, қола жүлдегер Евгений Ефстафеев  те бар. Сондай-ақ  Бішкекте өткен жастар арасындағы Азия біріншілігінде жүлде алған алты қазақстандық зілтемірші де сайт тізіміне іліккен. Енді алтын иеленген Ерболат Жоламанов, Максим Локтинов, Әсем Сәрсекенова, Ғалымбек Жұбатқанов, күміс жүлдегерлер Майра Файзоллаева мен Айдар Казов өз жүлделерін қайтарып, екі жыл жарысқа қатысу құқығынан айырылатын болады.

Сонымен қатар, 2 жылға спорттан шеттетілген 9 бірдей зілтеміршіміз 2014 жылы Астанада өтетін Рио-де-Жанейроға лицензиялық жолдама жолындағы  Әлем чемпионатына қатыса алмайды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: thenews.kz