Зиданның төрт ұлы "Реал" сапында ойнайды

Зиданның төрт ұлы "Реал" сапында ойнайды

Зинедин Зидан жеті жасар Элиасты "корольдік клубтың" балалар-жасөспірімдер мектебіне түсіріп отыр, деп хабарлайды Marca басылымы. 

Мадридтік «Реалдың» жаттықтырушылар қосында жүрген әкесі ұлын «Benjamín B» командасына апарып қосқан. Енді Элиас аталған клубтың әр жастағы балалар-жасөспірімдер мектебінде өнер көрсететін ағалары Энцо, Лука және Теомен бір қатарда теңесіп отыр.

Бір айта кетерлігі, "Реалдың" балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушылары кішкентай Зидандардың аяқ алысына дән риза екендіктерін, үлкен футболда жарқын жетістіктерге жетер деген сенімдерін жасырмауда. 


Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: marca.com

Л. Лига