Әділбек финалда бақ сынайды

Әділбек финалда бақ сынайды

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында 81 келі салмақ дәрежесіндегі өнер көрсететін Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда өзбек Ойбек Мамазулуновты жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.

Қарсыластың осал тұсын аңдумен болған Әділбек өз күткенін үшінші раундта жүзеге асыра білді. 81 келідегі боксшымыздың жойқын соққысы Ойбекті бір есеңгіретіп тастады. Осылайша жартылай финалда өзбек былғары қолғап шеберін сенімде түрде жеңген Әділбек Ниязымбетовтың енді финалдағы қарсыласы – кубалық Әлем чемпионы Хулио де ла Крус.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбаев

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай