Қоржынға екінші қола түсті

Қоржынға екінші қола түсті

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Берік Әбдірахманов жартылай финалда кубалық Ласаро Эстрадодан басым түсе алмады.

Аса тартысты өткен шаршы алаңдағы тартыста Берік те аянып қалмады. Алғашқы раундта аздап сылбыр қимылдаған 60 келідегі былғары қолғап шеберіміз қарсыласын алға шығарып алды. Алайда екінші, үшінші раундта Берік кубалық боксшымен терезесі тең тартыс жүргізді. Дегенмен жерлесімізге ақтық сынға шығу бақыты бұйырмаған екен. Осылайша Берік Әбдірахманов Қазақстан қоржынына екінші қоланы салды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай