Алматыда бокстан Әлем чемпионаты өтеді

Алматыда бокстан Әлем чемпионаты өтеді

14-26 қазан аралығында Алматыда бокстан ересектер арасында Әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 116 елінен 576 былғары қолғап шебері қатысады деп күтілуде.

Алматыда өтетін Әлем чемпионатына Еуропадан 39, Азиядан 26, Оңтүстік және Солтүстік Америкадан 25, Африкадан 22, Мұхит аймағынан 4 мемлекет спортшылары келеді. 2011 жылы Бакуде өткен Әлем чемпионатына 113 мемлекет қатысып, 570 боксшы бақ сынаған болатын. Алматы енді бұл рекордтың мұртын бұзбақ.

Әлем чемпионаты жайлы АІВА президенті  Чинг Куо Ву: «Қатысушылар санының көбейгені біз үшін үлкен мәртебе. Бұл әлемдегі бокстың күннен-күнге қарқынды дамып келе жатқанының айғағы» деп атап өтті.

Алматыда өтетін дода қазақ боксының тарихындағы ерекше аламан. Осыған дейін әлемдік бокс аренасында қазақ жігіттері көк туымызды көкте желбіретіп келгенімен, елімізде осындай байрақты бәсеке өтпеген болатын. Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов «Әлемдік сыннан екі алтын алуға толықтай мүмкіндігіміз бар» деуде. Әсіресе, Лондон Олимпиадасында жүлделі орындардан көрінген Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычкоға үлкен сенім артуда.

Сонымен Әлем чемпионатында еліміздің намысын шаршы алаңда кімдер қорғайды? Таныс болыңыздар:

 

ЖАҚЫПОВ Біржан

Туылған күні: 07.07.1984 ж.
Салмақ категориясы:  49 кг
Спорттағы атағы: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан обл.

Жеке жаттықтырушысы: 

 Айтжанов Мырзағали Құланұлы

Таңдаулы нәтижелері: ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010 ж.), Бокстан Куба Олимпиадасының жеңімпазы (2008 ж.), Әлем кубогінің қола жүлдегері (2008 ж.), әлем чемпионатының қола жүлдегері (2005 ж.)

 СҮЛЕЙМЕНОВ Ілияс

Туылған күні: 21.12.1990 ж.
Салмақ категориясы: 52 кг
Спорттағы атағы: спорт шебері
Туған жері: Астана

Жеке жаттықтырушысы: 

 Нұрмағамбетов Ақылбек

Таңдаулы нәтижелері: ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, «ҚР Президентінің кубогі» ХТ жеңімпазы (2012 ж.)., Азия чемпионатының финалисі (2011 ж.), ҚР чемпионы, әскери қызметшілер арасындағы чемпионаттың финалисі (2010 ж.)

 ЕРАЛИЕВ Қайрат

Туылған күні: 08.05.1988 ж.
Салмақ категориясы: 56 кг
Спорттағы атағы: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Туған жері: Шымкент

Жеке жаттықтырушысы: 

 Мырзағали Айтжанов

Таңдаулы нәтижелері: ҚР чемпионы (2012 ж.).

 АБДРАХМАНОВ Берік

Туылған күні: 20.06.1986 ж.
Салмақ категориясы: 60 кг
Спорттағы атағы: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Туған жері: Маңғыстау 

Жеке жаттықтырушысы: 

 Амалбеков Руслан

Таңдаулы нәтижелері: Азия чемпионы (2013), ҚР чемпионы (2012 ж.)

 АҚШАЛОВ Мерей

Туылған күні: 08. 05.1988 ж.
Салмақ категориясы: 64 кг
Спорттағы атағы: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Туған жері: Астана 
Жеке жаттықтырушысы: Манашев Жанат Мергенұлы, Манашев Марат Мергенұлы
Таңдаулы нәтижелері: Азия чемпионы (2013), ҚР чемпионы (2012 ж.), әскери қызметшілер арасында әлем чемпионы (2010 ж.), XXIX Олимпиада ойындарының қатысушысы (Пекин, 2008 ж.), «ҚР Президентінің кубогі» ХТ жеңімпазы (2008 ж.), Болгариядағы ХТ жеңімпазы (2008 ж.), Astana Arlans командасы құрамындағы WSB бірінші кезеңінің финалисі, Азия чемпионы (2007 ж.)

 ЕЛЕУСІНОВ Данияр

Туылған күні: 13.03.1991 ж.
Салмақ категориясы: 69 кг
Спорттағы атағы: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Туған жері: Астана 

Жеке жаттықтырушысы: 

 Елеусінов Марат Тәліпұлы

Таңдаулы нәтижелері: Азия чемпионы (2013), ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, ҚР чемпионы (2010, 2011,2012 ж.ж.), «ҚР Президентінің кубогі» ХТ жеңімпазы (2012 ж.), Азия ойындарының чемпионы (2010 ж.), ҚР Жастар ойындарының чемпионы (2009 ж.), жастар арасындағы әлем чемпионатының финалисі (2008 ж.), кадеттер арасындағы әлем чемпионы (2006 ж.),

 АЛІМХАНҰЛЫ Жәнібек

Туылған күні: 01.04.1993 ж.
Салмақ категориясы: 75 кг
Спорттағы атағы: Спорт шебері
Туған жері: Алматы 

Жеке жаттықтырушысы: 

 Сехымбаев Мұрат

Таңдаулы нәтижелері: Азия чемпионы (2013), ҚР чемпионы(2012 ж.)

 НИЯЗЫМБЕТОВ Әділбек

Туылған күні: 19.05.1989 ж.
Салмақ категориясы: 81 кг
Спорттағы атағы: Еңбегі сіңген спорт шебері
Туған жері: Маңғыстау 
Жеке жаттықтырушысы: Жәкиев Марат Исағалиұлы
Таңдаулы нәтижелері: Азия чемпионатының финалисі (2013 ж.), XXX жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының финалисі (2011 ж.)

 ПИНЧУК Антон

Туылған күні: 21.07.1988 ж.
Салмақ категориясы: 91 кг
Спорттағы атағы: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Туған жері: Қостанай обл.
Жеке жаттықтырушысы: Шайрер Владимир Иванович, Мұкышев Сапабек Мырзағалиұлы
Таңдаулы нәтижелері: Азия чемпионы (2013), ҚР чемпионы(2012 ж.)

 ДЫЧКО Иван

Туылған күні: 11.08.1990 ж.
Салмақ категориясы: + 91 кг
Спорттағы атағы: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Туған жері: Қостанай обл.
Жеке жаттықтырушысы: Шайрер Владимир Иванович, Мұкышев Сапабек Мырзағалиұлы
Таңдаулы нәтижелері: Азия чемпионы (2013), XXX жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері (2011 ж.), Азия ойындарының қола жүлдегері (2010 ж.), жастар арасындағы әлем чемпионатының финалисі (2008 ж.)

14-26 қазан аралығында өтетін бәсекеде жерлестерімізге қолдау көрсетейік! Көк туымыздың биікте желбіреп, Әнұранымыздың шарықтаған сәтінің куәгері боламыз деп үміт етеміз!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: alaman.kzsk-sport.kz

Ө. Сансызбай