«Шахтер» кездесулеріне билеттер бес есе қымбаттайды

«Шахтер» кездесулеріне билеттер бес есе қымбаттайды

Қазақ футболының тарихында алғаш болып еурокубоктың топтық кезеңіне жолдама алған қарағандылық «Шахтер» кездесулерінің билеттері бірнеше есеге қымбаттамақ. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры Олжас Абраев өзінің twitter парақшасында мәлімдеген.

Олжас Абраев билет құны жайлы: «Шахтердің» кезекті ойындарының билеттері орташа есеппен 1500 бен 5000 теңге аралығында болады» - деп жазды. Осыған дейін, Чемпиондар Лигасында «Шахтердің»  шотландиялық «Селтикпен» «Астана-Аренада» өткен матчында  билет құны 300-ден 2000 теңгеге дейінгі аралықта болған-ды.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Виктор Кумыков шәкірттері топтық кезеңдегі алғашқы кездесуін сырт алаңда гректің «ПАОК» командасымен өткізсе, «Астана-Аренада»  3 қазан күні Израилдың «Маккаби» командасын қабылдайды.

«Шахтердың» Еуропа Лигасының топтық кезеңдегі кездесулер кестесі:

«ПАОК» ( Салоник, Грекия) – «Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан)

19 қыркүйек. «Тумба» стадионы. (УЕФА шешіміне байланысты кездесу жанкүйерсіз өтеді)

«Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) – «Маккаби» (Хайфа, Израиль)

3 қазан. «Астана-Арена» стадионы.

«Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) – «АЗ» (Алкмаар, Нидерланды)

24 қазан. «Астана-Арена» стадионы

«АЗ» (Алкмаар, Нидерланды) - «Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан)

7 қараша. «АФАС» стадионы.

«Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) - «ПАОК» ( Салоник, Грекия)

28 қараша. «Астана-Арена» стадионы

«Маккаби» (Хайфа, Израиль) - «Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан)

12 желтоқсан. «Кирьят-Элиэзер» стадионы.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: tengrinews.kz

Ө. Сансызбай