Эйсебио дүниеден озды

Эйсебио дүниеден озды

Португалияның аты аңызға айналған футболшысы Эйсебио 72 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы аталған елдің A Bola басылымы хабарлап отыр.

Басылым ақпаратына сүйенер болсақ, әйгілі футболшының жүрегі сыр берген. Ол соңғы уақытта денсаулығына байланысты емделіп жүрген болатын.

Эйсебио 11 рет Португалия чемпионатының алтын алқасын иеленді. 15 жасында «Спортинг» сапында спорттық мансабын бастаған футболшы кейіннен «Бенфикаға» ауысты. Лиссабондық командада 15 маусым қатарынан тер төгіп,өзінің жасыл алаңдағы команданың нағыз көшбасшысы екенін айқындап берді. 1965 жылы Еуропаның ең үздік ала доп шебері де болып танылды. 1966 жылы Әлем чемпионатында ұлттық құрамасының қола жүлде алуына көп еңбек сіңірді. Жасыл алаңдағы жылдамдығы мен техникалық шеберлігіне тәнті болған футбол жанкүйерлері футболшыны «Қара Пантера» деп атап кетті. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: footballtop.ru

Ө. Сансызбай