Деку футболмен қоштасты

Деку футболмен қоштасты

Футбол әлемінде Деку деген есіммен атағы танылған Еуропаның екі рет үздік жартылай қорғаушысы атанған Андерсон Луис де Соуза спорттық мансабын аяқтады.

36 жасқа толып отырған португалдық жартылай қорғаушы Деку 28 тамыз күні спорттық мансабында «Флуминенсе» сапында соңғы кездесуін өткізетінін мәлімдеді. Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазының үлкен футболмен қоштасуы денсаулығына байланысты болып отыр.

- «Мен «Флуминенсе» сапында биік белестерді бағындырғым келді. Алайда денсаулығыма байланысты футболмен амалсыз қоштасуға мәжбүрмін», - дейді футболшы.

Португалия ұлттық құрамасының сапында 75 кездесу өткізген Деку 2004 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанса, 2006 және 2010 жылдары Әлем чемпионатына, 2008 жылы Еуропа чемпионатында өнер көрсетті. 2010 жылы «Челсиден» бразилиялық команда сапына ауысып келген футболшы 2 рет аталған ел чемпионатының алтын алқасын тақты. Сонымен қатар Еуропаның «Порту», «Бенфика», «Барселона» және «Челси» сынды алпауыт командаларының намысын қорғады. «Барселона» мен «Челси» сапындағы Декудың жұлдызды сәттері сол кездің өзінде өз табынушыларының аңызына айналған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Cансызбай

Сурет: Lenta.ru

О. Сансызбай