Королев пен Голубев қарсыластарын анықтады

Королев пен Голубев қарсыластарын анықтады

Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Евгений Королев "Үлкен дулыға" турнирінің іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын анықтады. Олар Бельгия мен Аустрия елдерінің теннисшілері, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Королев бірінші айналымда аустриялық Андреас Хайдер-Маурермен кездеспек. Бір қызығы, олар осы жылдың ақпан айында  Дэвис Кубогы аясында өтетін жарыста Астана қаласында Аустрия құрамасына қарсы өтетін матчта да кездеспек. 

Қазақстанның басқа бір өкілі Андрей Голубевке бельгиялық Рубен Бемельмансқа қарсы ойын өткізуге тура келеді. Екі ойын да ертең ойналмақ. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ktf.kz

Б. Қосмағамбет