Қазақстан мен Германия арасындағы ойынның билет құны 7 мыңнан жоғары болмайды

Қазақстан мен Германия арасындағы ойынның билет құны 7 мыңнан жоғары болмайды

Бүгін, 13 наурыздан бастап Астанада Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан мен Германия құрамасы арасындағы ойынға билет сатыла бастады.

Билеттің құнына тоқталар болсақ7 мың теңгелік ең қымбат билет құны батыс жақ трибунаның бірінші бөлігі үшін сатылады. Солтүстік пен оңтүстік трибуна - 500 теңге, шығыс жақ трибуна (жоғарғы қабаты) - 1500 теңге, шығыс жақ трибуна (төменгі қабат, 1, 2, 3, 7, 8, 9 секторлар) - 3000 теңге, шығыс жақ трибуна (төменгі қабат, 4-6 секторлар) - 5000 теңге; батыс жақ трибуна (жоғарғы қабаты) - 1500 теңге, батыс жақ трибуна (төменгі қабат) - 3000 теңге.

Билеттер Астанадағы "Меломан" сауда орталағы мен "12 игрок" (Астана, Тұран даңғылы, 37, "Хан-Шатыр" сауда орталығы, 030-бутик), Мұңайтпасов атындағы стадион кассасында (Астана, Кенесары көшесі,14) сатылады. Ал "Астана-Арена" стадионының кассасы 20 наурыз күні ашылып, 11.00 ден 19.00-ге дейінгі аралықта үзіліссіз жұмыс істейтін болады.

Ойын 22 наурыздан 23 наурызға қараған түні Астана уақытымен сағат 00.00-де басталады. Қарымта ойын 26 наурызда өткізілмек. Айта кетерлік жайт, ойын соңында екі бірдей көлік ойнатылады.

Ұлттық құраманың бас бапкері Мирослав Беранек алдағы ойынға төмендегі ойыншыларды шақыртқан:

Қақпашылар: Антон Цирин ("Жетісу", Талдықорған), Андрей Сидельников ("Ақтөбе"), Александр Мокин ("Шахтер", Карағанды);

Қорғаушылар: Қайрат Нұрдәулетов ("Астана"), Константин Энгел ("Энерги" Коттбус, Германия), Марк Гурман ("Қайрат",Алматы), Мұхтар Мұхтаров ("Ордабасы",Шымкент), Александр Киров ("Астана"), Виктор Дмитренко ("Астана"), Юрий Логвиненко ("Ақтөбе");

Жартылай қорғаушылар: Ұлан Қонысбаев ("Астана"), Мақсат Байжанов ("Шахтер", Қарағанды), Валерий Коробкин ("Астана"), Хайнрих Шмидтгаль ("Гройтер Фюрт" Фюрт, Германия), Дмитрий Шомко ("Ертіс", Павлодар), Павел Шабалин ("Ертіс", Павлодар), Анатолий Богданов ("Тобыл", Қостанай), Бауыржан Жолшиев ("Тобыл", Қостанай), Жамбыл Көкеев ("Шахтер", Карағанды), Марат Хайруллин ("Ақтөбе"), Қазыбек Гетериев ("Қайрат", Алматы);

Шабуылшылар:  Дәуренбек Тәжімбетов ("Шахтер", Карағанды), Сергей Остапенко ("Астана"), Таңат Нөсербаев ("Астана");

Қосалқы құрам: Азат Нұрғалиев ("Ордабасы", Шымкент), Сергей Гридин ("Ақтөбе"), Сергей Хижниченко ("Шахтер", Карағанды), Марат Шахметов ("Астана"), Алмат Бекбаев ("Тобыл", Қостанай), Елдос Ахметов ("Тараз"), Александр Кислицын ("Қайрат", Алматы).

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: kff.kz

Л. Лига