Муайтай шеберлері ел чемпионын анықтамақ

Муайтай шеберлері ел чемпионын анықтамақ

Алматыда муайтайдан Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Бұл біріншілікке еліміздің барлық аймағынан 110 сарбаз қатысып жатыр. Топ жарғандар ұлттық құрамаға алынып, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғамақ. 

Қазақстанның муайтай федерациясының президенті Фархат Аманқұловтың айтуынша, ел чемпионатын ұйымдастырудағы басты мақсат - бокстың осы түрінен үздіктерді анықтап, оларды халықаралық жарыстарға дайындау және де жасөспірімдердің спорттың осы түріне деген қызығушылығын ояту. 

Финалдық кездесулер 24 ақпан күндері өтпек. Чемпионаттың өту барысы мен жеңімпаздар туралы сіздерге қосымша хабарлап тұратын боламыз. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: muaythai-nnov.r

Б. Қосмағамбет