Қазақстан 2013 жылды жеңіспен бастады

Қазақстан 2013 жылды жеңіспен бастады

Түркияның Кунду қаласында Молдавамен өткен жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы 3-1 есебімен жеңіске жетті.

Бауыржан Жолшиев пен Танат Нөсербаев шабуыл шебінде бірінші минуттардан ойқастаса, оларға пас жеткізудің қара жұмысында Мақсат Байжанов, Ұлан Қонысбаев, Қайрат Нұрдәулетов, Марат Хайруллин төрттігі қажырлы еңбек атқарды. Және Сидельников қорғаған қақпаның қорғаныс бөлігінде Марк Гурман, Александр Киров, Юрий Логвиненко мен Виктор Дмитриенко есімді тас қамал қорғаушылар өнер көрсетті. 

Бірінші таймның орта тұсында, 33 минутта Ұлан Қонысбаев Дмитренкоға ұрымтал тұстан пас шығарып беріп, нәтижесінде Сергей Пащенко қорғаған қақпаға бірінші гол кірді. Одан кейін де сәт сайын өткір шабуылға шыққан отандастарымыз мүмкіндіктерді жіберіп алып жатты. Соған қарамастан ойынның екінші бөлігінде Бауыржан Жолшиев есепті еселей түсуге мүмкіндік алды. Бір айта кетерлігі, бұл жолы да әдемі пас шығарып берген Ұлан болатын. 

Молдовалықтар 83 минутта біз жақтың қақпасынан саңылау таба алды. Анатолий Дорош өзіне келген мүмкіндікті мүлт жібермеді. Араға жеті минутты салып барып, Бауыржан Жолшиев арадағы айырманы үш допқа дейін жеткізді.


Қазақстан – Молдова – 3:1 (1:0)

Голдар: Дмитренко 33 (1:0), Жолшиев 59 (2:0), Дорош 83 (2:1), Жолшиев 90 (3:1)

Қазақстан: Сидельников (Мокин 46), Киров, Логвиненко, Гурман, Нұрдәулетов, Дмитренко, Хайруллин (Көкеев 78), М.

Байжанов (Шахметов 67), Нөсербаев (Остапенко 55), Қонысбаев (Т. Байжанов 85), Жолшиев.

Молдова: С. Пащенко, Головатенко, Раков, Иванов, Епуряну, А. Пащенко, Гацкан, Пикущак, Булгару, Суворов, Дедов.

сурет:sportsarap.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига