Рыпакова – Қазақстанның 2012 жылғы үздік жеңіл атлеті

Рыпакова – Қазақстанның 2012 жылғы үздік жеңіл атлеті

Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы 2012 жылғы ең үздік спортшылардың тізімін жариялады. Бұл рейтингте Ольга Рыпакова көш бастап тұр.

Тізім спортшыларымыздың биылғы көрсеткен нәтижелеріне қарап шығарылды. Ең бірінші, олимпиадада өнер көрсеткендігі және басқа да халықаралық жарыстардағы көрсеткіштері бағаланды. Тізімге 82 жеңіл атлетіміз кірген. Топ басында - олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова. Ол 2872 ұпай жинаған. Екінші орында Маргарита Мукашева болса, үздік үштікті Дмитрий Карпов түйіндеген.

Үздік ондықтың қатарында – жеңіл атлет Ольга Блудова, Наталья Ивонинская және Артем Косинов, биіктікке секіруден - Марина Аитова, Евгений Эктов, желаяқ Виктория Зябкина, үш қарғып секіруден Анастасия Пилипенколар бар. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН