"Барыс" Еуропаның үздік 25 клубы қатарында

"Барыс" Еуропаның үздік 25 клубы қатарында

Қазақстанның "Барыс" хоккей клубы Hockeyarchives.com француз интернет-порталының рейтингісінде 23-орынды иеленді.

Сонымен қатар Еуропаның ең үздік 250 хоккей клубы рейтингісіне "Барыс" клубынан басқа қазақстандық төрт клуб енген. Олар: "Казцинк-Торпедо" (168-орын), қарағандылық "Сарыарқа" (220-орын), атыраулық "Бейбарыс" (224-орын), және де павлодарлық "Иртыш" клубы (238-орын).

Ал Топ-250 рейтингісінің алғашқы 3 орны Құрлықтық хоккей лигасы клубтарының қанжығасында кеткен. Гагарин кубогының қазіргі иегері - мәскеулік "Динамо" рейтинг тізімінде алғашқы орынға қол жеткізсе, челябинсктік "Трактор" күміс жүлдені иеленді. Ал үздік үштік қатарын питерлік СКА клубы аяқтайды. 

Естеріңізге сала кетсек, өткен маусымда француздардың жасаған тізімінде "Барыс" 46-орынға тұрақтаған болатын. Ал өскемендіктер Кәрі құрлықтың 183-командасы болған еді. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

сурет: sport.gazeta.kz

Ж. FM