Қазақстандық ватерполшылар АҚШ-тан жеңілді

Қазақстандық ватерполшылар АҚШ-тан жеңілді

Қазақстан құрамасы су добынан ерлер арасында өтіп жатқан Әлемдік Лига суперфиналының алғашқы ойынында АҚШ ватерполшыларына 8:11 есебімен жеңілді.

Қазақстандықтар ойында алғаш болып есеп ашты (команда капитаны Евгений Жиляев пенальти орындады). Американдықтар жауап ретінде екі доп соққан еді, алайда біздің Рустам Укуманов та гол соғып, есеп теңестірді. АҚШ құрамасының ойыншылары Николай Максимовтың қақпасына тағы да екі гол сала алды. Ал қазақстандықтар қарсыластарының қақпасын тек бір рет нысанаға алып үлгенрді. Соңғы секундтарда соғылған голдың авторы Алексей Панфили. 

Екінші периодта қазақстандықтар қайтадан бірінші болып есеп ашып, есеп теңістіргенімен (4:4) өз қақпасына 3 доп жіберіп алды. Алексей Панфили бағыттаған соққымен Қазақстан құрамасы есеп айырды, алайда үзіліске дейін американдықтар қайтадан 3 доп айырмасын қалпына келтірді.

Үшінші период толықтай американдықтардың қанжығасында кетті. Олар Сергей Дроздов шәкірттерінің қақпасына екі жауапсыз доп соқты. 

Соңғы сегіз минутта Қазақстан ватерпошыларының есеп айыру мүмкіндіктері болды, бірақ американдықтардың шабуылына төтеп бере алмай, бір гол жіберіп қойды. Алайда біздің ватерполшылар намысқа тырысып, қатарынан үш доп соқты. Дроздов шәкірттері соңғы периодта АҚШ ойыншыларынан үстемірек болып,  3:1 есебімен жеңіске жетті. Соғылған доп авторлары Алексей Панфили, Михаил Рудай және Равиль Манафов болды. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Ж. FM