Роналду Ыстамбұлда өзінің егізімен жолықты

Роналду Ыстамбұлда өзінің егізімен жолықты

Мадридтік «Реал» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Ыстамбұл қаласында өзінің егізімен жолықты. Бұл туралы түріктің  Day.Az  порталы хабарлайды.

«Галатасарай» командасымен өткізген Чемпиондар Лигасының қарымта кездесуінен кейін Роналду стидионның маңында Гокмен Акдоган есімді өзінен аумайтын жігітпен жолықты. Расында Гокмен мен Роналдудың киім кию стильдері, шаш қою үлгілері бір-біріне қатты ұқсайды екен. Дегенмен түрік жанкүйерінің португалдық шабуылшыдан бойы біршама аласалау.

Гокмен Акдоган Роналдуды көру үшін арнайы Адан қаласынан келген екен. Өз кезегінде португалдық жұлдыз да өзіне ұқсас жанкүйермен бірге суретке түсуге қарсылық білдірген жоқ.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет:news.day.az

Ю. НИКУЛЛИН