Анонс: "Милан" - "Барселона"

Анонс: "Милан" - "Барселона"

Бүгін Миланда, «Сан-Сиро» стадионында «Милан» - «Барселона» атты естен кетпес футбол көрінісі болады. Кездесудің бас төрешісі - шотландиялық Крэйг Томсонның ысқырығы Астана уақытымен 01:45-те шалынады.

Кез келген жұптағыдай ойынның басты фавориті «Барселона» саналғанымен, италияндықтар соңғы жылдары каталондық клубпен бірнеше рет күш сынасқан болатын және әрдайым қаһарлы «Барсаға» тартысты ойын сыйлаған еді.  Миланның кем дегенде, еурокубоктарды иемденуде көшбасшы клуб ретінде  тарихы болса,  Барселона еуропаның ең айтулы додасында бірнеше жыл қатарынан чемпиондық титулға басты үміткер саналып келеді.

Бүгін «Миланның бас бапкері Массимилиано Аллегридің бірнеше факторларға байланысты жұмысы қиындайды. «Миланның» жаңа ойыншысы Марио Балотелли А Сериясында айтарлықтай нәтижелі ойын көрсетіп жүргенімен, Чемпиондар Лигасы аясында «Манчестер Сити» сапында өнер көрсеткені үшін бүгінгі кездесуге қатыса алмайды. Сонымен қатар, кездесуге қатысатын ойыншылар тізімінен жартылай қорғаушылар Фламини мен Ночерино бірінен  соң бірі  түсіп қалды, одан қалса, де Йонг те ойнамағалы көп болды. Сондықтан, «росонери» бапкері аталған мәселенің алдын алу жолын ойлап табуы қажет.

Бүгін Монтоливоның әріптесі Мунтари болатыны айдан анық, ал алаң ортасындағы үшінші позицияға Амброзини немесе Траоре тағайындалады. Шабуыл шебіне Эль Шаарави мен Паццини қосылды және екеуінің де бүгінгі кездесуде негізгі құрамда шығуы әбден ықтимал. Ал үшінші етіп Аллегри Ботенгті қоюы мүмкін.

Өз кезегінде «Барселонада» ойыншы мәселесі тек Хавимен байланысты.  «Барса» алаңының  ортасындағы көшбасшы Ла лигедегі соңғы екі кездесуді жарақатына байланысты жіберіп алған еді. Алайда, дәл осы кездесуге қалпына келіп үлгеріпті.

ЧЛ 2012/2013 маусымындағы статистика: 

Милан   Барселона
7 Голдар 11
46 Қақпаға соққы 61
41 Мүлт кеткен соққы 39
29 Бұрыштама 42
15 Офсайд 18
78 Айып соққы 46
17 Сары қағаз 11
0 Қызыл қағаз 1

 

«Милан»: Амелия, Аббьяти, Габриэл, Абате, Де Шильо, Сапата, Йепес, Мексес, Амброзини, Боатенг, Констант, Кристанте, Монтоливо, Мунтари, Траоре, Паццини, Бойан, Эль-Шаарави, Ньянг.

«Барселона»: Вальдес, Пинто, Ойер, Дани Алвес, Монтойя, Пике, Бартра, Пуйоль, Альба, Бускетс, Маскерано, Хави, Иньеста, Фабрегас, Тьягу, Сонг, Алексис, Педро, Месси и Тельо.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: espanarusa.com, barcamania.com, barcaman.ru

А. Құлтай