Месси ұлттық құрамалар арасында үздік бомбардир атанды

Месси ұлттық құрамалар арасында үздік бомбардир атанды

Испандық "Барселона" клубының шабуылшысы Лионель Месси 2012 жылдың ұлттық құрамалар арасындағы үздік бомбардирі болып танылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Алтын допты" үш рет иеленген ойыншы биыл Аргентина сапында 12 рет көзге түскен екен. Ол осы көрсеткішпен швециялық Златан Ибрагимовичтен бір допқа басым түсіп отыр. Осыған дейін Месси үшін ең сәтті болған 2007 жыл еді. Ол сол кезде ұлттық құрамада 6 доп салған. 

Осыған дейін Халықаралық футбол статистика мен тарихының федерациясы 2012 жылы ұлттық біріншілкте ең көп гол соққан футболшылардың тізімін жариялаған еді. Ең үздік бомбардир атағы Мессиге тиесілі (50 гол), екінші орында Криштиану Роналду (46 гол). 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport-xl.net

Б. Қосмағамбет