Гарет Бэйлдің құнына жаңа команда құру

Гарет Бэйлдің құнына жаңа команда құру

"Реал" командасының Гарет Бэйл үшін ұсынып отырған сомасына жазғы маусымда жаңа команда құруға болатын еді. 

Испан журналистерінің сөзіне сенсек, "корольдік клуб" валиялық ойыншы үшін 100 миллион еуроны қолма-қол төлеп бермек. Және аталған сома футбол тарихында бұрын-соңды болып көрген емес. Мұнша қаржыға өзге де жақсы ойыншыларды сатып алып, толық бір бүтін команда түзуге болар еді. Ендеше, сол құрамнан табылуы мүмкін болған жаздық ауысымдар.

Алдымен, қақпаға «Фулхэм» 5,6 миллион еуроға сатып алған Мартен Стекеленбургті қоямыз. Ал қорғаныс шебінде «Боруссияны» «Шалькеге» ауыстырған (1 миллион) Фелипе Сантана, «Ливерпульге» тегін барған Коло Туре, «Фенербахчеге» ауысып барған  (5,5 миллион) Бруну Алвеш тұрады. Оларға талас ретінде Эрик Абидаль, Мартин Демичелис пен Фернандо Аморебьеттелердің кандидатурасы ұсынылады. 

Орталық қорғаныс шебін соңғы жылдары Ла Лигада өнер көрсетіп келген ойыншылар түзеді. «Севильядан» «Манчестер Ситиге» өткен (20 миллион) Хесус Навас, «Бавария» сапына ауысқан (25 миллион)  экс-каталондық Тьяго Алькантара, «Атлетикаға» қосылған  Беньят Эчеберрия (8 миллион) және «Монако» үшін (5 миллион) «Малаганы» тастап кете барған Жереми Тулалан айтылады. 

Соңында, жазғы ауысымда команда ауыстырған шабуылшылар: Давид Вилья «Атлетиконың» жейдесін киді (5,1 миллион), «Фиорентинаның» жанкүйерлерін қуанту үшін барған Марио Гомес  (15,5 миллион), «Ювентуске» бұйырған (9 миллион) Карлос Тевес. Бұл тұста «Ювентуске» тегін барған Фернандо Льорентені де айта кетуге негіз бар.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига