Акинфеев әлем бойынша маусымдағы үздік қақпашы атанды

Акинфеев әлем бойынша маусымдағы үздік қақпашы атанды

Мәскеулік ЦСКА футбол клубының қақпашысы Игорь Акинфеев Goal.com сайтының қолданушыларының пікірінше 2012/13 жылдардағы маусымның үздік голкипері атанды. 

Өткен маусымда Акинфеев армияшыларға дубль жасауға көмектескен еді. Дәлірек айтқанда, оның клубы Ресей чемпионаты мен Кубогын ұтып алды. Өткен маусым қорытындысы бойынша ол ЦСКА қатарында 29 ойынға қатысып, 22 гол жіберіп алды.  

Дауыс беру қорытындысында ресейлік футболшы 38,21 пайыздық көрсеткішпен Мануэль Нойер ("Бавария" - 14,5), Самир Ханданович ("Интер" - 10,7), Давид де Хей ("Манчестер Юнайтед" - 8,5) және Джанлуиджи Буффон ("Ювентус" - 8,1) сияқты атақты қақпашыларды басып озды.

Сонымен бірге Акинфеев өткен маусымдағы Ресей біріншілігінің үздік ойыншысы атанып, Лев Яшин атындағы "Жыл қақпашысы" сыйлығына да ие болды.  


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zateevo.ru

Б. Қосмағамбет