Моуринью: Пандев адал да батыл әрекет етті

Моуринью: Пандев адал да батыл әрекет етті

«Реалдың» бас бапкері Жозе Моуринью «Наполи» және Македония құрамасының шабуылшысы Горан Пандевке ФИФА-мен дауға түсуге қорықпағаны үшін ризашылығын білдірді.

Апта басында Моуриньо дауыс беру нәтижелерінің бұрмаланғаны белгілі болғаннан соң ол ФИФА-ның өткен жылдың қорытындысы бойынша жасалынған марапаттау рәсімін бойкоттаған.

Бірнеше күннен соң Македония құрамасының капитаны Горан Пандев өзінің таңдауын «Интердегі» ортақ жұмыстан соң таныс болған португалдық маманның пайдасына жасағанын бірақ, ФИФА оның даусын Висенте дель Боскеге беруді ұйғарғанын мәлімдеді.

 «Пандев маған дауыс бергендердің бірі болды. Қалғандары өз таңдауларын жасырын қалдыруды жөн көрді. Мен олардың шешіміне тек сыйластықпен қараймын. Мен Горанның адалдығы мен батылдығын жоғары бағалацмын. Мен не үшін жеңбегенімді емес, бар болғаны марапаттау рәсіміне не себепті қатыспағанымды түсіндіргім келді. Мүмкін жеңімпаз болмас та едім, бірақ,  болған оқиғаның мән-жайы өте түсінікті және мені ешкім кінәлай алмайды!» - дейді Моуриньо Goal.com-ға берген сұхбатында.

Пандевтің арызынан соң ФИФА Македония құрамасының капитаны өзінің даусын Дель Боскеге бергенін дәлелдейтін ресми құжатты жариялады. Алайда, футболшы өзінің қолтаңбасын танмады. «Мен тек фотосуреттегі қолтаңбаның авторы мен емес екендігімді айта аламын. Мен Жозе Моуриньюге дауыс бердім. Бұл бәріне белгілі».

ФИФА өкілдері аталған жағдайда Пандевтің Халықаралық футбол федерациясына емес, оның орнына Македония футбол федерациясының жауапты адамдарына шағым білдіру керек екенін айтты.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: eurosport.ru

Ж. FM