Лионель Месси тағы да бір рекорд орнатты

Лионель Месси тағы да бір рекорд орнатты

Аргентиналықтың "сиқыршы" жігіт Лионель Месси футболдағы тағы да бір рекордқа түзету енгізді. Нақтырақ айтсақ, ол 27 қаңтар күні Ла Лигадағы ойында "Осасуна" қақпасына төрт бірдей гол соға алған еді. Ол осы нәтижемен Примера тарихында 200 голдың иесі атанған ең жас футболшы атанды. Кездесу 5:1 есебімен каталониялықтардың пайдасына шешілген еді. "Барселона" сапынан Мессиден бөлек, 40-минутта Педро бір доппен көзге түсті.   

"Бастысы - біз матчта жеңіске жеттік. Ойын басталар алдында Эль Класико жөнінде әңгіме көп болды. Ендігі жерде алда болатын "Реалға" қарсы матчқа дайындалуымыз керек", дейді Лео. 

Естеріңізге сала кетсек, 30 қаңтар күні Испания Кубогы аясында "Реал" мен "Барселона" Мадрид алаңында күш сынасатын болады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: championat.com

Б. Қосмағамбет