Қақпашының голы Гиннесс рекордтар кітабына енді

Қақпашының голы Гиннесс рекордтар кітабына енді

Англияның «Сток Сити» футбол клубының қақпашысы Асмир Беговичтің голы «футбол тарихындағы ең ұзақ қашықтықтан салынған гол» ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді.  

Беговичтің командасы Англия чемпионатының оныншы турында «Саутгемптон» командасымен кездеседі. Ойынның 13-секундында Асмир Беговичтің өз айып алаңынан тепкен добы қарсыластардың қақпасынан табылады. «Саутгемптон» командасының қақпашысы Артур Боруц бұл соққының голға айналарын күтпесе керек. Асмир Беговичтің бұл голына сол күнгі желдің де әсер еткенін айта кеткен жөн. Мамандардың зерттеуі бойынша, Беговичтің голы қарсыластардың қақпасына дейін 91,9 метр қашықтықтан салынған. Осылайша футбол тарихындағы ең ұзақ қашықтықтан салынған гол «Сток Сити» қақпашысының атына жазылды.

Бегович - Англия чемпионатында гол салған бесінші қақпашы.

Босниялық футболшы Асмир Бегович «Сток Сити» футбол клубымен 2010 жылдың 1 ақпанында келісімшартқа отырған. Келісімшарт мерзімі төрт жарым жылды құрайды.  

Асмир Беговичтің голы:

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет:  guinnessworldrecords.com

Н. Айдархан