«МЮ» жанкүйерлеріне планшет алып келуге тыйым салды

«МЮ» жанкүйерлеріне планшет алып келуге тыйым салды

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубының басшылығы «Олд Траффордқа» планшет не ноутбук алып кіруге тыйым салды. Олар мұндай қадамға баруын жанкүйерлердің бір-біріне кедергі келтіретінімен түсіндіріп отыр. Сонымен қатар, көлемі 15х10 келетін өзге де көріністерді түсіре алатын технология құралдарын алып келуге рұқсат жоғын айтуда. Ойынның басты сәттерін және өзге де жанкүйерлерді бейнебаянға түсіріп, ғаламтор беттеріне шығарудың алдын алуды ойластыра қолға алған шешім екенін хабарлауда.

Естеріңізге сала кетсек, 2010 жылы америкалық «Нью-Йорк Янкиз» бейсбол клубы да дәл осындай қадамға барған болатын. Алайда, араға екі жыл сала күші жойылған-ды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: fapl.ru

О. Сансызбай