Әлем чемпионатына арналған плакаттар

Әлем чемпионатына арналған плакаттар

Атақты бразилиялық суретші және дизайнер Криштиану Сикейра футболдан әлем чемпионатына қатысатын командаларды өзінің ғажайып суреттерімен сипаттады. 

Әлем чемпионаты жақындаған сайын футболға байланысты әртүрлі туындылар пайда болып жатыр. Бұл туындылар қарапайым көрермендерді әлем чемпионатына қызықтырып, әлемдік доданың басталуын асыға күттіруде. Осындай керемет туындылардың бірі - суретші әрі дизайнер Криштиану Сикейра салған (жасаған) суреттер. Криштиану Сикейраның суреттерінде әлем чемпионатына қатысатын әр елдің жұлдызды ойыншыларының гол салған кездегі қуанған сәттері бейнеленген. Плакаттар Нью-Йорк қаласындағы Wieden+Kennedy студиясының көмегімен жасалған екен. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: eurosport.ru

Н. Айдархан