«Әрбір бразилиялық дүниеге доппен келеді»...

«Әрбір бразилиялық дүниеге доппен келеді»...

Ертең футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының ресми добы таныстырылады. Сонымен қатар, осы күні дүние есігін ашқан сәбилерге «мундиальдың» добы сыйға тартылмақ.

Әлемдік доданы ұйымдастыратын 12 қалада ата-аналар нәрестенің туу туралы куәлігін көрсету арқылы ала допты тегін алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «әрбір бразилиялық дүниеге доппен келеді» деген сөзді тағы да бір дәлелдей түспекші екен.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда «мундиалға» баратын барлық 32 ұлттық құрама белгілі. 2014 жылы футболдан Әлем чемпионаты Бразилияның 12 қаласында, 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді. Финалды Рио-Де-Жанейро қаласындағы атақты «Маракана» стадионы қабылдайды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: fifa.com

Ө. Сансызбай