- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Дакар бәйгесінің тарихы...
Дакар бәйгесінің тарихы
Ралли Дакар (немесе "Париж - Дакар") әуесқой командалардың қатысуымен (шамамен 80%) жыл сайын өткізілетін кәсіпқой ралли бәйгесі. Бұл жарыс дәстүрлі жарыстарға мүлдем ұқсамайды. Себебі, бәйге таулы, қырат және шөлейт жерлерде өтіп, бәйгеге түсушілердің көліктері нағыз жолсыздыққа арналған. Көптеген арнайы жолдар мен кезеңдер дөң, таулар мен балшықтардан өтеді. Бәйгеге түсушілердің күн сайын өтуге тиісті арнайы жолдың ұзындығы бірнеше шақырымнан жүздеген шақырымға дейін жетуі мүмкін.
1977 жылы Тьерри Сабин деген кісі құмды шөл даласында адасып кетеді.Сол кезде оған көліктер жарысын құмды далада өткізу идеясы келеді. Алғашында ралли бәйгесінің бағыты Парижден басталып, Сенегалдың Дакарында аяқталатын. Бірақ, саяси себептерге байланысты бәйгенің бастамасы мен мәресі әр жылы өзгеше ұйымдастырылатын болды. Парижден Дакарға дейінгі бағыт соңғы рет 1994 жылы ұйымдастырылып, бәйге Дакардан қайта Парижге дейін бір рет қана ұйымдастырылған. Париж әкімінің шағым-арыздардың кесірінен бәйгенің мәре сызығы Елисей алаңдарынан Диснейлендке көшірілген. Осының салдарынан кейінгі жарыстардың бағыттары өзгерген:
· 1999: Гранада – Дакар
· 2000: Дакар – Каир
· 2001: Париж – Дакар
· 2002: Аррас, (Парижден 160 км) – Мадрид – Дакар
· 2003: Марсель – Шарм Эль Шейх
· 2004: Клермонт-Ферран – Дакар
· 2005: Барселона – Дакар
· 2006: Лиссабон – Дакар
Мотоциклдер класында 90-жылғы жарыстарда топ жарған Стефан Петрансель 2004 жылы Мицубиси көлігінде Гран-При сыйлығын жеңіп алып, 2 және 4 дөңгелекті көліктерде жеңіске жеткен алғашқы пилот деген атаққа қол жеткізген. 2005 жылы Стефан джиптер класында жеңіске жеткен.
Автокөліктер мен кластар
Дакар бәйгесі үш негізгі кластан құрылған: мотоциклдер, автокөліктер, жүк көліктері. Көлік өндірушілер бәйгенің ауыр жағдайларын сынақ ретінде пайдаланып, көліктерінің беріктілігін халыққа көрсетіп қана қоймай, оларды жетілдіреді. Бастапқыда көліктер жарысында Land Rover, Range Rover, Toyota Land Cruiser, Mercedes Gelandewegen мен Pinzgauer еуропалық өндірушілер басымдық көрсеткен. Кейін келе Rolls Royce, Citroen тіпті Porche өздерінің стандартты көліктерінің күшейтілген нұсқаларын ұсынған. Жан Луи Шлессер (Jean-Louis Schlesser) арнайы баггилер топтамасын құрастырып, бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көрінген. 2006 жылы Дакар жарысына Mitsubishi (Pajero/Montero), Nissan, Hyundai, Mercedes пен американдық Hummer қатысып, бақ сынасқан болатын. Жүк көліктер класында Татра, КАМАЗ, Hino, MAN, DAF пен Mercedes-Benz Unimog өнер көрсетіп жүр. 1980 жылдары DAF пен Mercedes-Benz арасындағы бәсеке қызып, екі қозғалтқышты машиналар пайда болған. Кейін жарысты Татра, КАМАЗ бен Perlini жеңген. Мотоциклдер класында алғашқы орынды KTM сауда белгісі иеленіп, жақсы көрсеткіштер көрсетіп жүр. Бәрімізге белгілі немістің BMW өндірушісі мотоциклдердің арнайы «Dakar» үлгісін ұзақ уақыт бойы шығарғанымен, айтарлықтай нәтиже көрсете алмады. Қазіргі уақытта жеңіл көліктер класындағы басты позицияларды Volkswagen, Mitsubishi мен Nissan өзара бөліп, ал мотоциклдер класында KTM и Yamaha Motor Corporation басымдық көрсетіп жүр. 2000 жылдан кейін DAF, Tatra, Mercedes-Benz бен КАМАЗ арасындағы бәсеке қайта жанданған.
Оқиғалар
1982 жылы Англия премьер-министрді Маргарет Тэтчердің баласы Марк Тэтчер және оның жүргізушісі Шарлот Верни жоғалып кетеді. 9 қаңтар күні олар ақаулықты жөндеу мақсатымен жол бойында тоқтап, көліктер тізбегінен қалып қалған. 12 қаңтар күні олар іс-түссіз жоғалды деген хабар келген. Жедел іздестіру жұмыстардың нәтижесінде олар Пежо 504 атты көлігі ралли бағытынан 50 шақырым тыс жерден табылған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. 1986 жылы ралли ұйымдастырушысы Тьерри Сабин тікұшақ апатына түсіп, көз жұмған. 1988 жылы DAF жүк көлігі жол апатына түсіп, нәтижесінде көлік жүргізушісі қайтыс болған. 2005 жылы испандық мотоциклист Хосе Мануэль Перез 7 кезеңде жол апатына түсіп, 10 қаңтар күні испандық ауруханалардың бірінде қайтыс болған. Жарыстың екі дүркін жеңімпазы итальяндық мотоциклист Фабрицио Меони 11 қаңтар күні 11 кезеңде қайтыс болған. Дакар тарихында барлығы 45 қатысушы көз жұмған болатын.
Сурет racingclub.kz сайтынан алынған