Өлім аузындағы сәт: Ең қауіпті 5 спорт түрі

Өлім аузындағы сәт: Ең қауіпті 5 спорт түрі

Массагет әлемдегі ең қауіпті 5 спорт түрін ұсынады.

Сонымен бастайық...

5. Бұқадан қашу

в

Бұл спорт түрімен айналысатын санаулы ғана ел бар. Дегенмен ең танымалы - Эрнст Хэмингуейдің өзі шығармасына түсірген испаниялық қала Памплон. Жүгірістің мақсаты - ашулы бұқадан қашып аман қалу. Бұл қызықты оқиғаға әдетте бірнеше жүздеген адам қатысып қызықтайды. Айта кетелік, әрбір осындай жүгірістен жылына 300 шақты адам жараланып, медициналық көмекке жүгінеді.

4. Мотожарыстар

ва

Өте қауіпті спорт түрлерінің бірі. Мәселен 100 жылдық тарихы бар The Isle of Man TT мотожарысында осы уақытқа дейін 220 адам қаза тауып, өмірден озды. Бұл жерде ешкім 100 пайыздық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды. Үлкен жылдамдықтар, қиын бұрылыстар, трассадағы түрлі кедергілер - бәрі-бәрі өлім аузына итермелеп тұрады.

3. Биік шыңға өрмелеу

ва

Статистика бойынша Эверестке өрмелеуге тырысқан әрбір алтыншы спортшы өлім құшады. Альпинист бұл мақсатта түрлі қауіпті жағдаларға тап болады. Қарапайым ғана көлшіктерге батып кетуі де мүмкін. Гипоксия, гипотермия, үсік шалу секілді дұшпандарды айтпасақ та болады. Құтқарушы тікұшақтың таудың барлық бөлігіне ұшып бара алмайтындығын тағы қосыңыз.

2. Бейсджампинг

ва

Халық аузында "бұл спортты өзін өлтіруге бел буып, бірақ мақсатына жете алмаған жан ойлап тапты" деген сөз бар. Қалай болғанда да, биіктен секіруге құмар бұл спортшыларды қазірдің өзінде ел "өзін-өзі өлтірушілер" деп атайды. Айта кетелік, орташа есеппен жылына еркін құлауға құмар 10 адам жан тапсырады.

1. Үңгірдегі дайвинг

в

Бұл спорт түрінің қаншалықты қауіпті екендігін сезіну үшін аквалангпен жүзу кезіндегі қиындықтарға белгісіз аймаққа енудегі қауіп-қатерді қосыңыз. Айналадағы көріністің нашарлығы, тар аудандар мен уақыттың шектеулілігі сүңгуірлердің адасып қалып, ауаның жеткіліксіздігінен жан тапсыру мүмкіндігін молайтады. Айта кетелік, 1960 жылдан бері 500-ден аса аквалангист өмірмен қош айтысқан.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: izismile.com, top5s.net