Зидан француздық футбол клубының акционері атанды

Зидан француздық футбол клубының акционері атанды

Атақты Зизу (Эинедин Зидан) франциялық төртінші дивизионда өнер көрсететін "Родез Аверьон" атты футбол клубының акционері атанды, деп хабарлайды "Vesti.ru".

40 жастағы спортшы осыдан бірнеше ай бұрын өзінің әйелі тұратын қаладағы футбол клубына қаржылық көмек көрсететіні туралы айтқан болатын. Зизу жергілікті кәсіпкерлер мен бұрынғы ойыншылардың басын қосып қаржы құйған екен. Клуб акционерлерінің құрамында Франция ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Оливье Дакур де бар.    

Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын Зидан испандық "Реал" клубының спорттық директоры қызметінен өз еркімен кеткен болатын. Ол осы қызметке 2009 жылы келген еді.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vk.com

Massaget