"Барыс" хоккейшілерінің жылдық табыстары белгілі болды

"Барыс" хоккейшілерінің жылдық табыстары белгілі болды

Құрлықаралық хоккей лигасы (ҚХЛ) өз сайтында 2012-2013 жылдары жасалған келісім-шарттарға сәйкес мүше клубтардың өз ойыншыларына төлеген айлықтарын жариялады. Айта кететін жағдай, заңнамаға сәйкес олардың аты мен тегі көрсетілмеген. 

Сонымен мекеменің хабарлауынша, астаналық "Барыс" хоккей клубы биылғы жылы өз ойыншыларына 564 миллион 122 мың 114 Ресей рублін төлеген екен (17,4 миллион доллар). 

Олардың ішінде командадағы екі ойыншы жылына 1,3 миллион мен 1,8 миллион АҚШ доллары аралығында тапқан. Төрт хоккейші 900 мың мен 1,3 миллион доллар аралығында тапса, тағы да төрт ойыншы 700 мың мен 1,3 миллион доллар аралығында қаржыға байыған. Бес ойыншы жылына 460 мың мен 700 мың доллар аралығында алса, алтауына 300 мың мен 460 мың доллар арасында ақша төленген.  Тағы да алты хоккейшінің жылдық табысы 155 мың мен 300 мың доллар аралығанда болса, тоғыз ойыншыға 155 мың доллардан аз ақша төленген көрінеді. 

Ойыншыларға төленген ақша бойынша, "Барыс" лигада 11-орынға жайғасқан. Хоккейшілерге ең көп қаржы төлеген клубтар арасында "Ак Барыс", "Салават Юлаев" және СКА алғашқы орында тұр. Олардың әрқайсысы 32 миллион доллардан төлеген. 

 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: hcbarys.kz

Б. Қосмағамбет