Сочи-2014: сноубордтан ерлер арасында іріктеу кезеңі аяқталды

Сочи-2014: сноубордтан ерлер арасында  іріктеу кезеңі аяқталды

Бүгін Сочидегі 2014 жылғы XXII қысқы Олимпиада ойындарының жарыс күні "Роза Хутор" экстрим-паркінде сноубордшылардың слоупстайл бағдарламасымен басталды.

Бірінші топтан суырылып шыққан 20 жасар норвегиялық Столе Сандбек (94,50), фин спортшысы Пеэту Пийронен (90,75), канадалық Себастьен Тутан (87,25) мен британдық Джейми Николлс (86,75) бірден финалдық бөлікке өтті.

Жарыстың финалдық бөліктері 8 ақпан күні сарапқа салынады. 

Бүгін жарыс жолына отандық спортшыларымыз да шығады. Могул бағдарламасымен Дарья Рыбалова мен Юлия Галышева бақ сынайды. Басталуы Астана уақытымен сағат 20:00-де. 

Естеріңізге сала кетсек, Сочидегі қысқы Олимпиада ойындары 7 ақпан күні Астана уақыты бойынша кешкі сағат 22.00-де жалауын көтереді. Қазақстан атынан 52 спортшы 10 спорт түрінен сынға түседі.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sochi2014.rsport.ru

Л. Лига