FС Barcelona

"Барселона" футбол клубы — (исп. Fútbol Club Barcelona және кат. Futbol Club Barcelona) - Испания біріншілігінде өнер көрсететін, каталондық Барселона қаласының супер клубы. Барселона атауына қоса "Барса"(исп. Barça және кат. Barça) атымен де әлемге әйгілі.
Барселона клубы 1899 жылы Жоан Гампер басқарған швейцариялық, британдық, испандық және каталониялық футболшыларымен құрылған. ФК "Барселонының" фанаттар («кулес» атымен белгілі ) саны 2006 жылың мамырында 140 000 адамға жетті.

Барселона және Барса атымен кәсіби баскетбол, гандбол, роликтік хоккей және футзал командалары да әлемдік деңгейде өнер көрсетеді.

Клубтың негізгі ойнайтын алаңы - Камп Ноу стадионы, Еуропадағы сыйымдылығы жағынан ең үлкен футбол стадионы.

Испанияның футбол біріншілігін, Ла Лиганының негізін Барселона Мадридтық "Реал" және Бильбаолық "Атлетик" қалыптастырған болатын.

2006/07 жылы "Барса" ең бай клубтар тізімін анықтау кезеінде үшінші орын иеленді. Оның жылдық табысы - 291,1 млн евроны құрады. Алдыңғы екі орында Мадридтік Реал дәне Манчестер Юнайтед орналасты.

2009 жылы Барселона жыл бойы бүкіл қатысқан үлкен турнирларды ұтып алды (үш ұлттық - Испания чемпионаты, кубок, суперкубок, және үш мемлекет аралық - Лига чемпионов, Суперкубок УЕФА және Клубтық Әлем чемпионаты).

Барселона Испанияның жоғарғы дивизионынан түспеген үш клубтардың бірі . Мұндай көрсеткішке жеткен басқа еке клуб "Реал Мадрид" және "Атлетик Бильбао".
Атақты ойыншылары
"Алтын доп" иегерлері:

Луис Суарес — 1960
Йохан Кройф — 1973, 1974
Христо Стоичков — 1994
Ривалдо — 1999
Роналдиньо — 2005
Лионель Месси — 2009, 2010, 2011,2012