Real Madrid Club de Fútbol

Реал Мадрид (ис. Real Madrid Club de Fútbol) — Испанияның футбол клубы, ФИФА көрсеткіштері бойынша XX ғасырдың ең үздік клубы. «Deloitte» организациясының көрсеткіштеріне сәйкес Реал әлемдегі ең көп қаражатты клуб болып табылады. «Реал Мадрид» — Испанияның футбол Чемпионатының жоғарғы дивизионынан ешқашан шығып кетпеген 3 клубтың бірі. Қалған екеуі «Барселона» мен «Атлетик Бильбао».
Құрылуы
1896-ші жылы кейінінен аты Реалға ауыстырылған «Футбол скай» клубы ашылды. Алайда ресми түрде Реалдың тарихы 1902 жылдың 6 наурызында Падрос және Хулиан Паласиостардың ашқан Madrid Football Club атты клубынан басталады. 1920 жылдың 29 маусымында Испания патшасы Альфонс XIII клубқа Патшалық деген атақ берді, ал испанша патшалық деген Real деп аталады. Осыдан клубтың қазіргі аты — Real Madrid.

Құрылған күнінен бастап-ақ, клуб испандық футболдың көшбасшыларының қатарына ілікті: 1903 жылдың өзінде Испания кубогының финалына шығып, «Бильбаолық Атлетик клубына» ұтылды. 1905-ші жылы Реал ақыры кубокты алып, кейін 4 жыл қатарынан жеңе берді. Испания Чемпионаты тек 1928 жылдан бастап өткізілді, ал оған дейін клуб округтік сайыстарға ғана қатысатын, осы уақыт арасында Реал бұл сайысты 16 рет ұтып алды.

Real Madrid футбол клубының жергілікті алаңы Сантьяго Бернабеу болып табылады.
Стадион «Сантьяго Бернабеу» деп 1943-1975 жылдар аралығындағы «Реал Мадрид» президенті атымен аталды. Бернабеу жаңа стадион құрылысының бастаушысы болды. Құрылыс 3 жылға созылды. Ашушы ойын португалдық "Белененсиш" клубына қарсы достық ойынымен өтті, кездесу 1947 жылдың 14 желтоқсанында өтіп, Реал 3-1 есебімен жеңіске жетті.

1950 жылдарда Реалдың Еуропа чемпиондары Кубогында жақсы ойынының әсерінен, клубтың қаражаты өсіп, стадион сыйымдылығын 12500 орынға көбейтуге мүмкіндік туды. Ғимарат өзінің ақ мұнараларымен әйгілі. 1955 жылы стадион «Сантьяго Бернабеу» атанды, ал 1957 жылы Еуропа чемпиондары Кубогының финалында, әлемде бірінші рет болып жасанды прожекторлар іске қосылды.