Алматы Жаңа жыл қарсаңында
Аздаған күндерден соң жаңа жылға да аяқ басамыз. Ажары талайдың таңдайын қақтырған Ару Алматы әдеттегідей жаңаша түрге еніп, құлпыра бастады. Біз өз кезегімізде фотоаппаратымызды алып, оңтүстік астанамыздың Жаңа жылға дайындығын білу мақсатында жолға шықтық.
"Тәуелсіздік монументінің" алдына жалаушалар ілініп, жаңажылдық безендірілулер жасалды.
Алаңға алдағы жылды айшықтайтын "2015 жыл" деген алып жазу қойылды.
Әкімшіліктің алдына шырша құрылды.
Республика сарайында әр күн сайын түрлі мерекелік кештер өтуде.
Сондай-ақ Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында да сан түрлі мерекелік кештер мен түсірілімдер өтуде.
Қаладағы Фурманов көшесінің бойында Париждегі әйгілі Эйфель мұнарасының көшірмесі тұр. Әр мереке сайын жаңа түрге еніп отыратын бұл мұнара биыл да жылдағыдан өзгеше әрленген екен.
Қаладағы сауда-саттық орталықтары да жаңа жылға орай жасанып, сәндене түсті. Орталықтардағы жаңажылдық безендірілулер бірінен бірі өткендей әдемі. Тіпті, кішкене дүкендердің өзі келушілер үшін келісті кейіпке енген.
Күндізгі көркі көзді арбайтын әсем қаланың түнгі бейнесі өзінше бөлек. Қаланың шамдары жана бастаған кезден-ақ, көңіл шырағы да бірге жарқырай түсетіндей. Жаңа жыл қарсаңындағы Алматының түнгі бейнесі көз алдарыңызда.
Распублика сарайының алдындағы Абай ескеркіші.
"Promenade" сауда орталығы.
Орталық цирк.
"ADK" сауда, ойын-сауық орталығы.
Орталық алаңға қойылған сағат.
Орталық алаңға ажар беріп тұрған 2015 жылдың алып көрінісі түнде тіптен тамаша. Бұндай кереметті дайындау үшін бірнеше техника мен арнайы қызметкерлер жұмылдырылған. Қызметкерлердің жұмыс сәтін фотоаппаратымыздың назарынан тыс қалдырмадық.
Араға бір-екі күн салып алаңға қайта барғанымызда, 2015 жылдың алып көрінісі толық жасалып біткенін көрдік.
Әкімшіліктің алдындағы шыршаның да безендірілу жұмысы аяғына жетпеген екен.
Бұл жерге де бірнеше күннен кейін қайта оралып, көкке шаншылған көрікті шыршаның куәгері болдық.
Республика сарайының алдында серуендеп жүрген қала тұрғындары, алып шыршаның алдында суретке түсуде.
Жаңа жылды асыға күтіп жүргендердің бірі - кішкентай сәбилер. Аяз ата мен Қарша қыздан сыйлық күтіп аласұрған балаң көңіл бір кереметтің орын аларына имандай сенетіндей.
P.S. Бұл суреттер арқылы біз әсем қаланың әдемі бейнесін көрсетуге тырыстық. Алып шаһардың суретке сыймас сұлулығын көзбен көргіңіз келсе, жолға шыққаныңыз жөн. Жаңа жылды Алматымен бірге қарсы алыңыз!
Сурет: ©Мassaget.kz