Пайдалы қазбалар

Пайдалы қазбалар

Пайдалы қазбалардың негізі тау кені және минерал болып табылады. Олар көбіне адамның қоғамдық өміріне қажет шикізат ретінде қазып алынады.

Ал пайдалы қазбалар физикадық құрылымына қарай бірнеше типке бөлінеді:

1. Қатты (әр түрлі рудалар, көмір, мәрмәр, гранит, тұз);
2. Сұйық (мұнай, минералды сулар);
3. Газ күйідегі (жанғыш табиғи газдар, гелий, метан).

Сондай-ақ, пайдалы қазбалар қолданылу жолына қарай да бөлінеді:

1. Жанғыш (көмір, торф, мұнай, табиғи газ)
2. Рудалы (металды және бейметалды (графит, асбест) компоненттерді қамтитын тау кен рудалары)
3. Рудалы емес (метал болмаған және жанбайтын пайдалы қазбалар: құм, гравий, лай, бор, тұз, қымбат бағалы тастар, алмаз)

Пайдалы қазбалардың түрлері

Жасалыну эволюциясына байланысты барлық пайдалы қазба магмалық, жауындық және метаморфтық болып бөлінеді. Олардың Жер бетінде орналасуында да белгілі бір заңдылық бар. Бір мекенде жинақы күйде табылатын пайдалы қазбалар магмалық болып есептелінеді. Бұл руданың магмадан және одан бөлінетін ыстық су қоспасынан қалыптасатынын білдіреді. Магма Жер қыртысына дейін көтеріліп, қатты күйге өзгеріп отырады. Магманың қозғалысқа енуі, яғни жер бетіне көтерілуі тектоникалық қозғалыстың әсерінен болады. Нақтырақ айтар болсақ, Жер қыртысының әр қабатынан біркелкі көтеріле, Жер бетіне жақындайды.

Пайдалы қазбаларды өндіру жолдары

Пайдалы қазбаларды өндіріп алудың бірнеше жолы бар. Бірінші, ашық түрде руда табылған мекенді алқапқа айналдырып, қазып алу. Бұл экономикалық тұрғыдан өте үнемді тәсіл болып келеді. Себебі бұл жолмен қазуға салыстырмалы тұрғыдан көп техникалық жабдықтар қажет болмайды. Көмір қазып алудағы шахта тәсілі біршама көп қаржыны талап етеді. Сондықтан көмірдің бағасы қымбаттау болып келеді. Ал мұнайды алу тәсілі де өте тиімді ойластырылған. Оны мамандар труба арқылы сорып Жер бетіне шығарады. Одан бөлек, сораппен (насос) шығару жолы да кең қолданысқа енген.

Айта кетсек, пайдалы қазбаларды өндіруде қолданылатын ерекше әдіс-тәсілдер де бар. Олардың бірі геотехнологиялық әдіс деп аталады. Аталған әдіс көбіне руданы өндіруде қолданылады.

Пайдалы қазбаларға деген сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Сонымен қатар, минералды шикізаттар да күнделікті өнеркәсіпте тиімді пайдаланылып жатыр. Дегенмен, пайдалы қазбалар қайта қалпына келмейтін шикізат болғандықтан, олардың тек қажет кезінде ғана өндіріп алған дұрыс болады.

Ол үшін:

1. Қазып алу кезінде қазбалардың шығынын азайту;
2. Барлық компонентті қамтитын рудаларды ғана қазуға рұқсат ету;
3. Пайдалы қазбалардың жан-жақты қолданысқа енуіне жол беру;
4. Бір жерден қазып ала бермей, өзге кен орындарын табуға тырысу.  

Осы жолдармен, пайдалы қазбалардың өндірілу көлемін алдағы уақытта артуына емес, тиімді қолдануына мән беру керек. Себебі шамадан тыс пайдалы қазбалардың өндірілуі Жердің тартылу күшіне де өз әсерін бермей қоймайды. Айта кетсек, Жер бетіндегі үлкен болған кен орындар негізінен солтүстік жартышарда орын тепкен. Демек, көп өтпей екі полюстің тепе-теңдігін сақтап тұрған Жердің салмағы өзгеруі мүмкін. Ал Жердің салмағы өзгетерін болса, гравитацияның ауытқып кетуі де ықтимал.

Сурет: geographyofrussia.com

Ж. Өрісбай