Абай Құнанбайұлының 25-қарасөзіне талдау

Абай Құнанбайұлының 25-қарасөзіне талдау

Абай Құнанбайұлының 25-қарасөзі басқа да қарасөздері сияқты әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. 

Аталған қарасөзде Абай атамыз оқу-білімге байлық аямау керек дегенді айтады. "Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі", - дейді ол. 

"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген қазақтыкі болып кеткен Қадыр атамыздың сөзін дана Абай да айтып кеткен. "Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренген" халықты көкірек көзді ашуға шақырады ол. "Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр", - дей келіп, өзге жұрттың тілін білген адам терезесі тең тұрып сұхбат құра алады дегенді айтады. 

Дәулет әр адамға өз несібесімен келеді. Қазір оқу-білімге жұмсалған ақша болашақта қайтарымы бар берекелі ақшаға айналмақ. "Өз келешегін ойлаған әр адам орыс ғылымын үйренсін" деген тұжырым бүгін де өзекті болып тұр. "Турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол - мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең - оқыт, мал аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?".

Назар салсақ, оқуға қолын бір сілтеген адамның көкірек көзі қараңғы болып, тұмшаланып, ішіп-жеп қана өмір кешетін төрт аяқты хайуаннан еш айырмасы болмайтыны айтылған, "бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?" деген жолдар – осы сөзіміздің куәсі. Оқу-білімнің қажеттілігін сөз құдіретін жіті түсінген халқымыздың мақтамен бауыздау тәсілін қолдана отырып жеткізген ғұламадан асырып ешкім айта алмаса хақ-ты... 

Абайдың жиырма бесінші қарасөзін жүктеу

Сурет: foma.ru

М. Оңғарова