Сүйінбай Аронұлының «Датқалар» өлеңіне талдау

Сүйінбай Аронұлының «Датқалар» өлеңіне талдау

Сүйінбай – қазақтың ірі айтыскер ақыны. Себебі оның қозғаған тақырыбы мен көтерген мәселелері де ірі болып келеді. Оған қоса, ақынның өлеңдерінде оның сынды көзқарастары мен тілге өрнекті болғанын жолдар бар.

Сүйінбай Аронұлы қазақтың бір мүдделі біріккен ел болғанын тілеп, жырлаған. Ол халыққа арқа сүйеп, ру емес немесе тайпа емес, тұтас елдің ортақ бірлігі болғанын қалады. Сонымен қатар, Сүйінбайдың жыр-дастандары мен өлеңдеріндегі елдіктің идеясы көбіне өзі шығып өнер көрсеткен айтыстарда өзекті болып табылған.

Сүйінбай Аронұлы шығармаларының біршамасы осы елдік пен ерлік тақырыбына арналған. Одан бөлек, ақын қазақтағы ұлықтардың ел билеу, қарау саясатына сындық көзқараспен қарап, параланған қазақтың датқаларына кею айтады. Нақтырақ айтсақ, "Датқалар” деген өлеңінде ақын батыры Қарасайдай, ханы Абылайдай болған заманды көркем тілмен кестелей келіп, датқалардың "параменен мал жинап”, "жұлыны үзілердей болып жүрген” "іскерлігін” мыскылдайды.

Елге жақпас қылығы,

Бұл заманның ұлығы.

Параменен мал жиып,

Бойынан асқан былығы.

Оязға кайтсем жағам деп,

Үзілер болды жұлыны.

Өз еліне өзі қарақтап,

Ебі келсе тамақтап,

Көр ақтарған қорқаудай,

Датқалар жүр жалақтап...

Сүйінбай суреттеген Жетісу датқалары мен Дұлат Бабатайұлының жырларындағы Семей төрелерінің бейнелеріне өте ұксас, бір-бірінің көшірмесіндей әсер калдырады. Расында ХVIII ғасырдың екінші жартысында қазақтың ұлан байтақ даласындағы ұлықтар мен билердің бірегей болып келгенін пайымдауға болады. Нақтырақ айтқанда, сол заманның айтыскер ақындары елін деп қызмет етпеген ұлықтар мен билерге қарсы болған. Датқа мен старшындардың оязға жағу мақсатында халықтан содырлатып мал жинап, пара берумен болғанын әшкере етеді. 

Сурет: www.zharar.com

Ж. Өрісбай