"Шығарма" айдарына өз шығармаңды жібер!

"Шығарма" айдарына өз шығармаңды жібер!

Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Жаңарған сайтымыз сіздерге арнап "Оқушыларға" бөлімін ашып отыр. Осы айдардан мектеп өміріне қатысты барлық керекті дүниеңізді табасыз деп үміттенеміз! 

Бөлімдегі "Шығарма" айдары қарымды, дарынды оқушылардың қаламын ұштап, түрлі тақырыпта жазылған шығармаларды ел назарына ұсынатын болады. Олай болса, кез келген тақырыптағы шығармаларыңызды massaget.kz@gmail.com поштасына жолдаңыздар! 

Немесе сайттың оң жағындағы "Материал жіберу" тетігін басу арқылы шығармаңызды редакциямызға жібере аласыз. 

"Шығарма" айдарының алдағы жоспарында республикамыздың түкпір-түкпіріндегі оқушылардың үздік шығармаларын анықтап, шығармашылық байқау жариялау да бар. Сайтымыздан көз жазып қалмаңыз! 

Сурет: academy.cosmo.ru

М. Оңғарова