Қыз тағдыры (поэзия)

Қыз тағдыры  (поэзия)

Осыған дейін 1-ші тамыздан 15-ші қазанға дейін Қазақстанда балалар әдеби байқауы өткізілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз. Байқауға қатысуға қазақстандық мектеп оқушылары мен 18-ге толмаған кәсіби оқу орындары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары шақырылады. 

Нәжіп Досбол Бердібекұлы – Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Милы ауылының тумасы. Мекетеп қабырғасында әдебиет пен поэзияға деген ерекше қызығушылығы оянады. Жыр бәйгелерінің дүлдүлдері, алдыңғы буын ағаларына еліктеп өсті. Қалам мен қағазды айнымас серік етіп, алғашқы өлеңдерін жаза бастады. Облыстық және республикалық жыр мүшайраларының бас бәйгесін де, басқа бәйгесін де иеленіп жүр. Қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің филолология факультетінің 1-курс студенті. Поэзия патшалығына бет түзеген қазақ поэзиясының ұлы көшіне ілескен Досболдың төл туындыларын назарларыңызға ұсынамыз.

АЛДАСПАН

(Мұхтар Шахановқа)
«Ойы-дауыл, сезімі-аспан»,
Қайраты жетпей Шағатайыңның.
Жауының, шіркін, төзімі қашқан,
Ұрпағы Қайыр бабатайымның.

Арнасына симай тасқындағанын,
Қалың қазақтың қарасы құптар.
Отырардан шыққан қашқын балаланың,
Саналы ұрпағының дарасы - Мұхтар.

Бұндай алапат болмасын тағы,
Мойын бұрмалық көнерген кекке.
Кемел ойларың бір басыңдағы,
Отырарға атылған жебеден көппе.

Аманат еткен жырау бабамыз,
Қара сөздей сен жорға атқа міндің.
Атын ардақта мынау даламыз,
Жеті жарым ғасыр толғанқан ұлдың.

Тамағың кеуіп, талған заманда,
Арланы қайсың, қабаған қайсың.
Түлкі бұлаңға салған заманда,
Азуы алтын абадандайсың.

Азаттық болмай қайтерек дейсің,
Қазағым сендей қуанды ұлына.
Тамыры терең бәйтеректейсің,
Жүз құшақ жетпес жуандығына.

Айналдым тектілік жалғасқан ұлдан,
Жанымен ұққан жаханның үнін.
Тілін қайрап АЛДАСПАН қылған,
Ардақта қазақ ШАХАНның ұлын.

*****

Пенде бар ма екен жасын сықпайтын,
Жанарым менің толады елеске.
Мешітке тіпті басын сұқпайтын,
Мұсылмандарда болады емеспе.

Қайғы болады хəл бұзатында,
Өмір ақ, қара жолақ емес пе.
Жолдасқа қиған жалғыз атында,
Нардай жігіттер болады емеспе.

Қорқатындар бар өлімнен ғана,
Қар жауса гүлдер солады емеспе.
Ниет-пыйғылы көмірден қара,
Қас сұлуларда болады емеспе.

Анамыз өмірге құмар ғып тапқан,
Бақытқа пенде олақ емеспе.
Арланның азуын тұмар ғып таққан,
Сужүректерде болады емес пе.

Дұрыс қой сауап тере бергенің,
Ғұмырың келте ,шолақ емеспе.
Өмірге мынау неге келгенін,
Білмейтіндер де болады емеспе. 

ҚЫЗ ТАҒДЫРЫ

І
Қызыл-жасыл гүлге толы құла дүз,
Құла дүзден талай гүлді жұламыз.
Жұлған гүлін кейбіреулер құмыраға салмаған,
Гүлдің жайын білеміз бе мына біз.

Ойланыңдар, жігіттер,
еске түсер шақ талай,
Бастарыңа қонып еді бақ қалай,
Құла дүздің шалқып өскен раушанын,
Кей әңгүдік солдырады баптамай.

Бір сұлудың бағын ашар жүректі ер,
Сол ерінің шын бақытын тілепті ел.
Сезім үшін құрбан болар Төлегендер аз болса,
Аз болмайма сертке бекем Жібектер.

Талай қыздың жүректері тілінген,
Талай ұлдың әлсіздігі білінген.
Махаббаттың қара суық күзінде,
Сола аламын өзім жұлған гүліммен.

ІІ

Әй, жігіттер,
Сүйгеніңмен бақыт балын сүйіп іш,
Өйткені, ол өміріңнің бір мәні.
Әлемдегі ең сорақы көрініс –
Қыздың жылап тұрғаны.

Қалың болып қатады екен жанға мұң,
Қызғалдақтар зәбір көрсе мұз қолдан.
Қызға жасар қылығыңды аңдағын,
Өйткені, өз анаңда қыз болған.

Сұлуларға жазылатын жыр қандай,
Өлең жатыр бір-ақ тамшы жасында.
Мұзды жағу оңай болып тұрғандай,
Қыздың жанын түсінудің қасында.

ҚАСИЕТ ПЕН ҚАСІРЕТ

Бабаларым,
Дүйім елдің есі болған,
Тектіміндеп төсін ұрған.
Қазағым үшін қайғы алып күйген
Алдаспан асынып, аймауыт киген.

Солардың бүгін ұрпағы қандай,
Тектілік жанған бір талы қалмай.
Келешегіңнен кейде қасит көрем,
Қасиетке аралас қасірет көрем.

Ұлдарың неге тізгін тартпайды,
Тізгін тартпаса құзғын қаптайды.
Өтеді бір күн құлдығың таптай,
Қыздарың жүрсе кіндігің жаппай.

Жастардың түнімен көз алдары,
Ғалам тор – індет жалмайтын сынды.
Мәңгүрт ұрпақты өз бабалары,
Көрінде жатып қарғайтын сынды.

Шығармалар мен байқауға қатысуға өтініштер litshkola@gmail.com электронды поштасына қабылданады.

Қ. Бүйенбай