Баланың шимайын әдемі туындыға айналдыруға бола ма?

Баланың шимайын әдемі туындыға айналдыруға бола ма?
Фото: youtube.com

Бала тәрбиесі – оның тұлға болып қалыптасуына әсер ететін бірден-бір фактор. Оның игі ісіне мақтау, ақыл айтып, жол сілтеп отыруды ата-ана тарапынан көңіл бөлу деп есептеген жөн. Құрастырғыштармен үй құрастырса да, шимайлатып сурет салса да, демеп отыру қажет. "Бұлақ көрсең, көзін аш" демекші, жастайынан икеміне қолдау көрсеткен абзал.

Кішкентай сәуле түссе, оның тек сәуле емес, нұр болып төгілуіне ата-ананың ықпалы көп болуы тиіс. Мысалы, Рас Устерман есімді канадалық суретші қызының шимайларын әдемі суреттерге айналдырады екен. Қызының өнеріне қанат бітіру үшін жақсы бастама секілді. Тамашалап көріңіздер!

Г. Берік