"Полифония" халықаралық әдебиет фестивалінде қандай мастер-класстар өткізіледі?

"Полифония" халықаралық әдебиет фестивалінде қандай мастер-класстар өткізіледі?
Фото: Massaget.kz

«Полифония» әдебиет фестивалінің  шеңберінде (Алматыда 29 қазан – 1 қараша күндері) Алматылық Ашық Әдеби Мектеп проза, поэзия, аудармалар және балалар әдебиетінен атақты қазақстандық және шетел авторларының практикалық мастер-класстарын өткізетін болады.

Қазақ тілінде:

Проза мастер-классы (жетекшісі – Дидар Амантай)

Поэзия мастер-классы (жетекшісі – Ардақ Нұрғазұлы)

Қазақ және орыс тілдерінде:

Әдеби аударманың мастер-классы (жетекшісі – Аслан Жақсылықов)

Орыс тілінде:

Проза мастер-классы (жетекшісі – Леонид Бахнов)

Поэзия мен әдеби аударманың мастер-классы (жетекшісі – Юкка Маллинен)

Балалар әдебиетінің мастер-классы (жетекшісі – Валерий Воскобойников)

Барлық мастер-классқа (Аслан Жақсылықовтың мастер-классын қоспағанда) қатысу үшін авторлар өз шығармаларын жіберуі керек. Аслан Жақсылықовтың мастер-классына қатысу үшін шығармаларыңызды жібергеніңіз жақсы болар еді, бірақ бұл міндетті шарт емес.

Шығармаларыңызды 2015 жылдың 15-ші қазанына дейін litfest.kz@gmail.com электронды поштасына жіберіңіз.

Проза мастер-класстарына 15 000 – 120 000 баспа таңбасынан тұратын прозалық мәтіндер (әңгімелер, эсселер, повестер, романнан үзінділерді) қабылданады.

Поэзия мен әдеби аударманың мастер-класстарына қатысу үшін 10-30 өлең жіберу керек.

Балалар әдебиетінің мастер-классына қатысу үшін де 15 000 – 120 000 баспа таңбасынан тұратын прозалық мәтін немесе 10-30 өлең жіберуге болады.

Таңдалған мастер-классты хаттың тақырыбында бас әріппен көрсетіңіз (мәселен, поэзия  мастер-классы – қазақ тілі). Қатысушылардың саны шектеулі, мастер-класстарға тегін қатыса аласыз.

Мастер-класстар жетекшілері туралы ақпарат:

Дидар Амантай – жазушы, пәлсапашы, сценарийлер авторы. Қазақ пен орыс тілдерінде гі кітаптардың авторы. Түрлі әдеби сыйлықтың иегері. Шығармалары ағылшын, француз, финн, неміс және тағы басқа тілдерге аударылған.

Ардақ Нұрғазұлы – ақын, прозашы, сыншы, журналист. «Алматы ақшамы» газетінде тілші. Өлеңдері ағылшын, қытай, орыс тілдеріне аударылған.

Аслан Жақсылықов – жазушы, филолог, аудармашы. Филология ғылымының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, 150-ден астам ғылыми еңбек пен кітаптың авторы. Көптеген қазақ авторларының шығармаларын орыс тіліне аударған.

Леонид Бахнов – әдеби сыншы, редактор. «Дружба народов» журналының проза бөлімінің меңгерушісі.

Юкка Маллинен – ақын, эсселер авторы, аудармашы. Финн тіліне ресейлік және қазақстандық ақындар мен жазушылардың шығармаларын аударған. Юкка Маллиненнің шығармалары орыс, қазақ, қырғыз, ағылшын, швед және тағы басқа тілдерге аударылған.

Валерий Воскобойников – балалар жазушысы, тарихшы, публицист. Балаларға арналған 60-тан астам кітаптың авторы, әдеби сыйлықтардың иегері. Ресейлік балалар кітабы одағының мүшесі. Кітаптары ағылшын, жапон, поляк, румын және тағы басқа тілдерге аударылған.

Қ. Бүйенбай