"Парасат" тобы: ең ұлы жеңіс - өзіңді жеңу

"Парасат" тобы: ең ұлы жеңіс - өзіңді жеңу
Фото: massaget.kz

Массагет қолданушыларының өз мақсаттарын нақтылап, жүзеге асыруға түрткі болған «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!» байқауы күн санап қызықты бола түсуде. Осы бір байқауда қатысушылардың алға қарай бет алысы мен ұмтылысы ерекше байқалады. Сол себепті әр топ мүшесінің өзін қалай елестетіні дүйім жұртқа өте қызықты болуы керек. Осыған орай біз сіздерге өз тобымызды таныстырмақпыз. "Парасат" тобы туралы әр адам көкейіне қандай ой түюуі тиіс екенін және олар өздерін қалай көретіндерін ешқандай айна қатесіз баяндайық.

Ғалымдардың зерттеуінше, есім немесе ат қою ол атты иемденіп жүрген адамның бүкіл өміріне қатты әсер етеді екен. Мысалы, жаңа туған сәбиді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, оның тұла бойы, табиғаты, ісі мен заты соған сәйкес көркемделе түседі. Сондықтан біз үшін тобымызды "Парасат" деп атауымыздың маңызы зор. "Парасат" сөзі "ақылдылық, пайымдылық" деген мағынаны білдіреді. Яғни кез келген мәселеге естиярлықпен, байыппен қарайды. Дұрыс шешім қабылдауымен ерекшеленеді. Ойлау жүйесінің ұшқырлығы алдағы уақытта "Парасат" атаулысына жолдастық етіп отырады. Осыны негізге ала отырып топтың жетекшісі ретінде өз тобымды "Парасат" деп атауды жөн көрдім. Қазіргі жаһандану заманында парасаттылар аузы қисық, білімсіз, ақылгөй жандарды басқаратындықтан потенциалы жоғары, білімді, алға ұмтылғыш біздің топ өздерін мәлім ететіндігі уақыттың еншісінде болып тұрғаны.

"Парасат" тобына кілең қара көз қыздарымыз жиналған екен. Маған оңай болмасы анық. Әйтседе ағасы бардың жағасы бар демекші, өзімнің ағалық қамқорлығымды және жетекшілік міндеттімді толығымен 100 пайыздық көрсеткішпен орындауға тырысып бағамын. Біздің топтың бетке ұстарлары - Алтынай Жырғалбай, Саламат Сетеш, Жанерке Жұмабайқызы, Фарида Бейсенқожа,  Айнұр Исмайлова, Арайлым Сауранбай, Ақбаян Қоныс, Астанай Бақыт, Кәусар Тортай. 

1. Алтынай Жырғалбай

Алтынай Сағындыққызы 1999 жылы жаздың жайма шуағында дүние есігін ашқан. Алматы қаласындағы Шалтай Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған физика-математика мектебінде оқиды. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевті сүйіп оқиды. Алдағы екі айға Мұқағали ақынның лирикаға толы 100 өлеңің жаттауды мақсат етіп отыр. Сонымен қатар, мың бұралған бишілер секілді 15 ұлттың биін үйренуге бел буып отыр екен. Алтынайдың алға қойған мақсатына қарап қандай қыз екенін әрмен қарай өзіңіз пайымдай беріңіз.

2. Саламат Сетеш

Саламат Сетеш 1998 жылы өмірге келген. Еліктейтін тұлғасы бүкіл әлемді өзінің сұлулығымен тамсандырған британдық актриса -  Одри Хепберн. Саламат жүрегі жақсылыққа толы, мейірімді жан. Себебі Саламат осы аздаған уақыт ішінде зәру адамдарға неғұрлым көп көмегін тигізгісі келеді. Саламат: "Елге көмек беру бұл да менің мақсатыма жатады. Себебі адамға тұлға болып қалыптасуы үшін игі істер ғана көмектеседі".  Топтың ең мейірмді қызы ағылшын тілін меңгермекші. Сол себепті мен Саламатқа шыдамдылық пен жігер жолдас болсын деймін. 

3. Жанерке Жұмабайқызы

 

Жанерке Жұмабайқызы 2000 жылы дүниеге келген. Бұл қызымыз  - жасының кішілігіне қарамастан "Парасат" тобының капитаны. Тобымыздағы атаулы күндер Жанеркенің қырағы назарында. Жанерке журналист болуды армандайды және бұған қол жеткізудің жалғыз даңғыл жолы "Жүзеге асқан Мақсат" деп санайды. Анасының ақ сүтімен дарыған жазу қабілеті Жанеркенің мансап жолын айқындаған секілді. Алдағы уақытта егер Жанерке талмай ізденіп, үнемі білім нәрін сусындайтын болса, болашақта қазақ журналистикасын алға қарай сүйрейтін журналист ханша болайын деп-ақ тұр. 

4. Фарида Бейсенқожа

Фарида Бейсенқожа 1998 жылы дүние есігін ашқан. "Парасат" тобының ең патриот қызы десем артық айтпағандығым. Адамның қандай екенін білгің келсе, арманына көз жүгірт. Фариданың арманы мен мақсаты бір - Қазақстанды әлемге танытатын беделді актриса болу. Өз мақсатына қол жеткізу үшін Фарида қол қусырып отырмай, "Күз аруы" секілді түрлі байқауға қатысып, өнерін шыңдап та жатыр. Әр күні жасалған кішкентай қадамы түбінде табысқа жетелейтініне кәміл сенеді.

5. Aйнұр Исмайлова

Айнұр Исмайлова 1999 жылы өмірге келді. Айнұр  топтағы жаратылысы ерекше қыздардың бірі. Жаратылысы ерекше деп айтып тұрғаным ақындығына байланысты. Себебі өздеріңіз білетіндей ақындар сезімге берілгіш, жүрегі нәзік, өте тапқыр келеді. Айнұрдың мақсаты да, арманы да айқындалған. Сол мақсаттарының бірі —  "Өмірімнің соңына дейін  халыққа адал қызмет ету". Қандай керемет десеңізші. Егер әрбір азамат осылай ойласа, жер шары тек қана қуанышқа толы болар ма еді?!

6. Арайлым Сауранбай

Арайлым Кенжебайқызы 1999 жылы дүниеге келді. Арайлым арайлап атқан әр таңында межелеген мақсатын ойлайды. Өмірдегі ұстанымы: "Жан тәніңмен, жүрегіңмен қалаған іспен айналыссаң, тау мен тасты қопаруың мүмкін". Таңғажайыпқа сенбеген ертеңіне сенбейді. Сол себепті Арайлым болашағынан үміт күттіретін маман иесі. Екінші тілді алып жүру былай тұрсын, Арайлым қазақ тілі мен орыс тілінен бөлек ағылшын, араб, кәріс тілдерін меңгермекші. Осы алған бағытымен ары қарай жұмыс істей бермек. 

7. Ақбаян Қоныс

Ақбаян Қоныс 1998 жылы қыркүйек айының 16-жұлдызында дүние есігін ашты. Ақбаян ақылына көркі сай жан-жақты қыз. Мұны біз Ақбаянның жазған блогтарынан білеміз. Спортпен оқуды бірге алып жүру кімге болмасада оңайға түспесі анық. Алайда, Ақбаян спорт әлемінде де білім жолында да ауыз толтырып айталық жетістіктерге ие. Соның бірі бұйыртса "Алтын белгіге" үміткерлік. Біз толығымен "Парасат" тобы Ақбаянға бағы мен бабы қатар шапқанын қалаймыз.

8. Астанай Бақыт

Астанай Бақыт 1998 жылы туған. Ол біздің тобымыздың жарық жұлдызы десе болады. Себебі Астанай біздің елордамыз Астанамен құрдас. Сол себепті Астанай қызымыз бас қала Астананың есімін иемденіп жүр. Сонымен қатар, бұл жалғыз ғана себеп емес, Астанай түрлі байқау мен олимпиада жеңімпазы. Астанай журналистика десе ішкен асын жерге қояды. Халықтың жағасын ұстаған мәселелерді көтеріп, дөкейлерге үндеу тастағысы келеді. Ізденісі жоғары, талпынысы мол өз маманының шебері болайын деген қыз.

9. Кәусар Тортай

 

Кәусар Тортай 2007 жылы дүние есігін ашты. Ең тәттісі соңында демекші, Кәусар — "Парасат" тобының ең жас мүшесі. Кәусар қыздың талабына бүкіл Массагет ұжымы таң қалуда. Бұл қызымыз сонау мұхиттың арғы жағындағы АҚШ елінде оқып жатқандығына қарамастан, байқауға қатысуға бел буған. Тіпті екі елдің уақыт айырмасы мен жер алшақтығы Кәусарға кедергі бола алмады. Кәусар қыздың мақсаты туралы мына блогын оқысаңыздар, еліміздің ертеңі үшін қам жейтін ұрпақ өсіп келе жатқанын бірден түсінесіздер. Кәусардың есімін болашақта әлі талай кітап беттерінен көре жатарсыздар.

Н. Нұрмаханұлы